Бұхара облысының тұрғыны бұған дейін жекпе-жек өткізбегенін айтып, ел президентінен көмек сұраған.
ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиевке жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек ұйымдастырып беру туралы өтініш түсті, деп жазады prosports.kz.
Бұхара облысының тұрғыны бұған дейін жекпе-жек өткізбегенін айтып, ел президентінен көмек сұраған. Әзірге оның қандай мақсатпен мұндай өтініш жасағаны белгісіз.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте жеңіліс дәмін татпаған спортшы. Ол Ресеймен қатар Орта Азияда танымал спортшылардың тізіміне кіреді.