Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Франция ашық чемпионатында топ жарды.
ERNUR.KZ. Надаль финалда ATP рейтингісінде бірінші орында тұрған сербиялық теннисші Новак Джоковичті жеңді. 2 сағат 41 минутқа созылған кездесу 6:0, 6:2, 7:5 есебімен аяқталды, деп жазады aikyn.kz.
Осылайша, 34 жастағы испаниялық Рафаэль Надаль спортшы мансабында жиырмасыншы мәрте «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алып, осы көрсеткіш бойынша рекорд иесі Роджер Федерерді қуып жетті.
Ал 19 жастағы польшалық теннисші Ига Швентек әйелдер арасындағы жекелей сында «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуде ол қарсыласы америкалық София Кенинді 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.
Айта кету керек, Ига WTA деңгейіндегі турнирлерге бұрын бір рет қана қатысқан. Швентек 17 жасында Луганода өткен турнирдің финалына жетіп, Полона Херцогқа есе жіберген болатын.