Шаңғышы Полторанин 4 жылға спорттан шеттетілді

0
1 075

Қазақстандық шаңғышымен бірге эстониялық үш спортшы жазаланды.


Шаңғышы Полторанин 4 жылға спорттан шеттетілді

ERNUR.KZ. FIS 32 жастағы қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинді, сонымен бірге эстониялықтар Карел Таммьярв, Андреас Веерпалу және Алго Керпті спорттан шеттеті. Бұл шаңғышылардың қан допингін қолданғаны дәлелденді, деп жазады Zakon.kz.

- Жағдайды жіті тексердік, – деді FIS бас хатшысы Сара Льюис.
Австриялық "допингқұмарлар" – Макс Хауке мен Доминик Балдауфтың мәселесін Австрияның допингке қарсы қызметі биыл жазда-ақ шешіп тастаған: олар да төрт жылға шеттетілді.
Допинг дауы Зеефельдтегі 2019 жылғы әлем чемпионатында туындаған, спортшыларға қан құятын жер сырт көзге шаштараз сияқты көрінетіндей болып жасалған.
Шаңғы жарысынан 2019/20 жылғы Әлем Кубогы 29 қарашада басталады.