Финалда шымкенттік теннистен спорт шебері Дастанбек Ташполатов пен түркиялық Сенгюл Бора кортқа шықты.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Ұлттық теннис орталығында «Shymkent ITF International Junior Tournament» халықаралық турнирінің ақтық ойындары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Халықаралық турнирге 9 мемлекеттен (Австралия, Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Швеция, Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Қазақстан) 100-ден аса спортшылар бақ сынады.
Финалда шымкенттік теннистен спорт шебері Дастанбек Ташполатов пен түркиялық Сенгюл Бора кортқа шықты. Бірінші сетте Дастанбек бірнеше рет қателікке бой алдырды. Нәтижесінде ол 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Бірақ, қалған екі партияда отандасымыз мүмкіндікті қолдан шығармай қатарынан екі рет басым түсті, есеп - 6:2, 6:3. Осылайша Дастанбек Ташполатов турнирдің жеңімпазы атанды.
Қыздар арасында Диана Шнайдер қарсыласы Анна Лытневадан 6:1,6:2 есептерімен басым түсті.