55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша ол 246 келі салмақтағы зілтемірді көтерді.
ERNUR.KZ. Шымкенттік зілтемірші Арли Чонтей Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Elitar.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша ол 246 келі салмақтағы зілтемірді көтерді. Сонымен қатар, Чарли жұлқи көтеруде кіші күміс медаль жеңіп алды.
Айта кету керек, Чонтей медалі қазіргі уақытта осы жарыстағы жалғыз медаль. Азия чемпионаты 2020 жылғы Олимпиаданың біліктілік турнирі болып саналады. Чонтейден басқа, Азия чемпионатына Шымкенттің тағы бір өкілі — Жазира Жаппарқұл қатысуы тиіс еді. Алайда, жарақатына байланысты ол турнирден шықты.