Таеквондодан Мәскеудегі рейтингілік турнирде үш спортшымыз жүлдеге ілікті

0
763

Бүгін тағы сегіз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ.


Таеквондодан Мәскеудегі рейтингілік турнирде үш спортшымыз жүлдеге ілікті

ERNUR.KZ. 28-29 қыркүйек күндері Ресей астанасы Мәскеуде таеквондодан рейтингілік "Russian open G1" турнирі өтуде. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды, деп жазады olympic.kz.

54 келіде сынға түскен Самат Темірхан және 58 келіде бақ сынағат Айтуар Шайкеновтер турнирдің қола жүлдегері атанды.

Ал әйелдер арасындағы бәсекеде 67 келіде финалға шыққан Ақсәуле Ерқасымова күмісті қанағат тұтты. Бүгін тағы сегіз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ.