Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыбакина Сидней (Аустралия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Е.Рыбакина бастапқы кездесуін әлемнің 18-ракеткасы, өткен жылғы US Open чемпионы, ұлыбританиялық Эмма Радуканумен өткізді.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Небәрі 55 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 4 эйс жасап, бес брейкке қол жеткізді.
Е.Рыбакина екінші айналымда франциялық Каролин Гарсиямен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, қазақстандық қос жасөспірім теннисшінің алғаш рет Аустралия ашық чемпионатында ойнайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі «Мастерс» рейтингінде көш бастап келеді.