​Түркістанда Бекзатты еске алуға арналған турнир басталды

0
1 859

Марапаттау рәсімі 1 қазан күні өтеді


​Түркістанда Бекзатты еске алуға арналған турнир басталды

Түркістан қаласы Бекзат мөлтек ауданындағы №4 БЖСМ-да«Спорт - есірткіге қарсы» ұранымен бокстан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Бекзат Саттархановты еске алуға арналған XIV-ші республикалық турнирі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дәстүрлі турнирдің ашылуында Ер Бекзаттың ата-анасы Сейілхан, Сырлыкүл Саттархановтар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Бекжан Адамбеков, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрбек Сыздықовтар құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Турнирге он төрт салмақ дәрежесі бойынша Маңғыстау, Алматы облысынан, Ақтөбе, Орал, Атырау, Тараз, Астана, Шымкент қалаларынан келген 230-ға жуық спортшы қатысуда. Жарыстың бас төрешісі Берік Егізбаевтың айтуынша жарыс төрт күнге жалғасып, бірінші қазан күні марапаттау рәсімі өткізілетін болады. Себебі, дәл осы күні Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында алтыннан алқа таққан болатын. Сондықтан да марапаттау сәті айтулы күнінің құрметіне орайластырылып отыр.

Өз салмағында жеңімпаз атанған жүлдегерлерге медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.