Испаниялық футболшылар жартылай финалда Италия құрамасымен шеберлік байқасты.
ERNUR.KZ. Испания құрамасы UEFA Ұлттар лигасы финалына берілген екінші жолдамаға ие болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Испаниялық футболшылар жартылай финалда Италия құрамасымен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында испаниялық Йереми Пино 3-минутта есеп ашқан еді. Оған 11-минутта италиялық Чиро Иммобиле пенальтиден жауап қайырды.
Ойынның 88-минутында Хоселу соққан гол Испанияға жеңіс алып келді.
Осылайша Испания қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Енді олар 18 маусымда Хорватиямен бас жүлдені сарапқа салады.
Хорватия жартылай финалда Нидерландты 4:2 есебімен қапы қалдырып кетті.
Сол күні 3-орын үшін ойында Италия мен Нидерланд кездеседі.
Айта кетсек, Ұлттар лигасында 2019 жылы Португалия, 2021 жылы Франция чемпион атанды.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы В дивизионына жолдамаға қол жеткізді.