Ұлттар лигасы: Хорватия құрамасы финалға жолдама алды

0
498

Хорватиялық футболшылар жартылай финалда Нидерланд құрамасымен шеберлік байқасты.


Ұлттар лигасы: Хорватия құрамасы финалға жолдама алды

ERNUR.KZ. Футболдан Хорватия құрамасы UEFA Ұлттар лигасы финалына берілген алғашқы жолдамаға ие болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Хорватиялық футболшылар жартылай финалда Нидерланд құрамасымен шеберлік байқасты.

Ойынның негізгі кезеңінде құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Нидерланд сапынан Дониэлл Мален – 34, Ноа Ланг 96-минутта мергендік танытса, оған хорватиялық Андрей Крамарич – 55, Марио Пашалич 72-минутта екі голмен жауап қайырды.

Ал қосымша кезеңде Бруно Петкович – 98, Лука Модрич 116-минутта пенальтиден соққан голы қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, Хорватия қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, финалға шықты.

Енді маусымның 15-нен 16-на қараған түні Испания мен Италия жартылай финал ойынын өткізеді.

Ал үшінші орын үшін ойын мен финал 18 маусымға белгіленген.