​Венгрияда синхронды жүзуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды

0
1 289

Жарысқа Словения, Чехия, Польша, Венгрия мен Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты.


​Венгрияда синхронды жүзуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды

ERNUR.KZ. Венгрия астанасы Будапештте синхронды жүзуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, жарысқа Словения, Чехия, Польша, Венгрия мен Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында қазақстандықтар бірінші орынды жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, жекелей сында Арина Мясникова бірінші, Этери Какутиа екінші сатыдан көрінді.

Арина Мясникова мен Наргиза Болатова жұптық сында топ жарды.

Сондай-ақ, топтық жаттығуда да біздің құрама биіктен көрінді. А. Мясникова, Н. Болатова, Э. Какутиа, К. Шаматульская, К. Макарова, Е. Лепихова, Д. Валиулина, Э. Пашковсквя, В. Михальченко, Я. Шевченко, Ю. Рогалева, А. Павлецова топтасып жаттығудан ешкімгі тізгінді берген жоқ.