73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансель турнирді екінші айналымнан басталды.
ERNUR.KZ. Черногория астанасы Подгорицада таеквондодан рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық Жансель Дениз алтын жүлдегер атанды, деп жазады 24.kz.
73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансель турнирді екінші айналымнан басталды. Ол алдымен Молдова, кейін Бразилия спортшысын жеңген.
Ал финалда түркиялық Хури Куркуттан басым түсті. Қола жүлдені Бразилия және Хорватия таеквондошылары иеленді.