Суреттер: ғаламтордағы ашық дереккөзден
ЕСКЕРТУ: Сұхбатты көшіріп басу редакцияның рұқсатымен ғана іске асады
Қазақ сахнасында рухты, патриоттық әндерді шырқап, халықтың ықыласына бөленіп жүрген әншілердің саны аз, бірақ, бар. Киелі Түркістанда бас қосып, өнерге нық қадам басқан «Семсер» тобы да ұлтжандылықты дәріптеп жүрген өнер адамдарының қатарында. Олардың әндерін тыңдағанда тұла бойыңда елге деген құрмет пен жерге деген сағыныш пайда болады. Үлкен сахнаға шыққандарына ұзақ уақыт бола қоймаса да, өзіндік аудитория жинап үлгерген сері жігіттер көршілес елдердің шақыртуымен өнер көрсетіп жүр. Жігерлене ән шырқайтын «Семсер» тобының шығармашылығында қандай жаңалықтар болып жатыр екен? Өздерімен сұхбат барысында білетін боламыз
Қайырлы күн жігіттер!
Жақынырақ таныс болайықшы. Қай жерден боласыздар?
Сәлем. Ахат Жеткербаев Қызылорда облысынанмын. Байқоңыр жерінің тумасы. Ал, Досболат Əділов Түркістаннан болады.
Топтың құрылутарихына тоқталыңыздаршы. Неге «Семсер»? Идеяның бастамашысы кім болды?
Топ ең алғаш 2014 жылы құрылды. Біз өнер факультетінде оқып жүріп құрылдық. Ахат Актерлік өнер мамандығың студенті еді. Мен Ваколдық өнердің студенті болдым. 2014 жылы құрылып 1 жыл өз университе ішінде, облыста , қалада концертмен түрлі байқауларға қатысу арқылы үлкен сахнаға шықтық. Ал, «Семсер» деп қадам басқан жыл 2015 жыл. Топтың атын «Семсер» деп қойған себебіміз қазақтың батырлары мен хандарының қолында болған семсер сияқты өткір, қайратты болайық деген ниетпен қойылған. Бұл атауды өнер факультетіндегі ұстазымыз Асылзат Ибраева деген апайымыз қойып берген. Сол кісі бастамашы болып, басымызды қосты. Үлкен алғыс білдіреміз апайымызға.
Құрылғаннан бері 5 жылдай уақыт өтіпті. Аз емес, бірақ, көп те емес. Шығармашылықтарыңызда қандай жаңалықтар бар?
Шығармашылықта өзгерістер болғанда қазіргі таңда жаңа əндер жазылып жатыр. Ақындармен тығыз қарым- қатынас орнатып, компазиторлармен жұмыс жасалып жатыр. Алдағы уақытта жаңа әндер күтсеңіздер болады.
Жаңа әндер қай бағытта болады. "Семсер" тобы дегенде толғау, қазақи рухты әндер ойға оралады. Басқа бағытта ән айтып шығу ойда барма?
Негізі бұл жайында біз көп ойланамыз. Сіз айтқандай басқа бағытта ән айту ойда болған. Олай жасапта көрдік, əзірге ойдан шықпай тұр. Басқа бағыт егер ойдан шығатындай дүние шығып жатса шығарып басқа бағыттыда алып жүруміз мүмкін. Дегенменде, жанымызға жақын, бойымызға сіңген осы бағыт болғандықтан, ұлттық нақышта өнер көрметкіміз келеді.
Қазақтың сахнасында сіздердей бағыт ұстанған әншілер аз. Оның себебі неде деп ойлайсыздар. Қиын ба әлде, той әндеріне көп көңіл бөліп кетті ме?
Иə, өте аз, тіпті, жоқтың қасы десекте болады. Жоғарыда айтып кеткендей бағыт өте ауыр. Қазіргі жастар болсын, орта буын да, бəрі жеңіл дүниеге қызығып кеткен секілді. Білмейміз енді оған қоғамдағы болып жатқан қолайсызжағдайлардың əсері тиіп жатыр ма? Қазір бəрінің басында бір проблема, өзі шаршап уайымдап жүрген адам, ойланып ауыр əн тыңдауға уақыты жоқ шығар. Ең болмағанда əн тыңдағанда жеңіл-желпі əнтыңдағысы келетін шығар.
Замаауи шыққан топтарға көзқарастарыңыз қалай? Мәселен, 91 тобымен сіздердің «Семсер» тобы мүлдем бір бірімен алшақ бағыттар. Дегенмен де, олардың жанкүйерлрі көбірек.
Бұл жерде біздің ешқандай қарсылығымыз жоқ. Қайта қуанамыз. Біраз уақыт бұрын кәріс сериалдары шығып, жастардың барлығы солар үшін барын жасап, тіпті, сол жаққа қоныс аударып кетіп жатты. Бұл жерде осы топтардың қазақ елінде ашылып, қазақша айтып жүргендері дұрысырақ.
Өзге елдерге концерттік бағдарламамен барғандарыңызды естіп едік осындан біраз уақыт бұрын. Өз елімізде жеке кеш беру жоспарда бар ма?
2017 жылдан бері әр жыл сайын шет елдердегі елшілерімізбен келісе отырып, өнер көрсетіп шығып тұрамыз. Осы жақында ғана Қырғыз еліне барып келдік. Біз əр елге барған сайын сол елдің мəдениетімен шығармашылығымен танысып өзімізге шабыт алып келеміз. Əзірге елде жеке концерт беруге əлі ерте сияқты. Өйткені біздің бағыт өте ауыр бағыт болғаннан кейін халықты жинап алып концерт қою қиындау қазіргі таңда.
Ән жаздырып, нанын тойдан тауып жүрген әншілердің қатары күн санап артып келеді. Той әндерінің қатары көбейіп, дәстүрлі әндердің ұмытылып бара жатқандай болып көрінеді. Жалпы өздеріңіз той бизнесіне қалай қарайсыздар? Тойға шығасыздар ғой иә?
Енді той бизнес деп тойға жұмыс жасап кеткендер бар ғой. Дәл қазіргі уақытта бұл елімізде қарқынды дамып тұр. Тіпті, той думан деген арна ашып қойдық. Оған еш жаман қарамаймыз Халық сіздің өнеріңізді ұнатып өзінің тойы мен қуанышында көргісі келсе оның несі айып.
Егер сіздердің құзырларыңызда болса қазақ өнеріне қандай өзгеріс енгізер едіңіздер?
Шет елден кіріп жатқан түрлі бағыттарға тосқауыл қоятын шараларын жасар едім
Ал сіздің қолыңызға билік берсе ше? Мәселен заң шығару құқығы болса, ең бірінші қайндай заң енгізер едіңіз?
Егер бізде сондай мүмкіндік болса əншімін деген əр қазақ баласының репертуарында бір халық əні болу керек деген заң қояр едім. Халқымыздың ұлттық мəдениетімен салт-дəстүрін дəріптейтін ол біздің Халық əндеріміз емес пе? Халықтың халық əні жойылса ұлттың болмысы жойылады деп ойлаймыз
"Семсер" тобының білімі бар ма? Мамандықтарыңыз қандай?
Иə,біз Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің Өнер факультетін тәмамдағанбыз екеуімізде. Мен "Актерлік өнер " Досболат "Вокалдық өнер" мамандығын бітіргенбіз.
Жігітке жеті өнер де аз деп жатады. Әншіліктен өзге қандай өнерлеріңіз бар?
Енді мынадай жасай алам деп жазған ұятты. Бір көргенде көзбен көре жатарсыздар. Қазақ болғаннан соң домбыра шертетініміз бар, бимен әуестенеміз.
Жігіттер рахмет сіздерге. Ерекше өнерлеріңізбен көпшілікті таңқалдырып жүре беріңіздер
Рахмет
Сұхбаттасқан: Г.Әмірәлі