"Вирус мені де айналып өтпеді": Танымал адамдар карантинді қалай өткізді?

0
3 702

(Сауалнама жауаптары еш өзгертусіз жарияланды).


Ескерту: Автор және редакцияның жазбаша рұқсатынсыз мақаланы көшіріп басуға тыйым салынады.


Карантинде үйден шықпаған халықтың басым бөлігі осы кезеңде түрлі ойын мен челлендж шығарып, әлеуметтік желіні ермек етіп отырғаны өтірік емес болар?! Оған соңғы кезде желідегі белсенділіктің артуы, тікелей эфирдердің жиілеуі және ұтыс ойындары мен гифтердің көбеюін дәлел ете аламыз.

Ал біз халық сүйіктілеріне карантинді қалай өткізіп жатқанын білу үшін хабарласып, сөз арасында олардың ұтыс ойындарына деген көзқарасын да сұрадық. Жауаптарын оқу үшін, экранды сырғытыңыз.


  • Карантинді қалай өткіздіңіз, көбірек неге уақыт бөлуге тырыстыңыз?
  • Карантин, дағдарыс біздің қоғамға қандай ой салды және енді қалай өзгереді деп ойлайсыз?
  • Соңғы кезде желіде жиі талқыланған тақырыптың бірі Ахметбек Нұрсиланың «Әншілердің 90% шегіртке» деп айтуы. Бұл ойға пікіріңіз және ол еңбектеніп жүрген адамның жұмысын жоққа шығару емес пе? Олай айтып жүрген адам шын мәнінде халық жанашыры ма, әлде хайп іздеуші деп ойлайсыз ба?
  • Өзіңіздің де біршама оқырмандарыңыз бар. Ұтыс ойнату, не гив арқылы оқырман жинау деген секілді жайттарға қалай қарайсыз?

Асхат Садырбай, журналист

1. Маған карантин білінбей өтіп кеткен сияқты... Күнделікті күйбең тірлікпен қоса, бағдарламаның түсірілімдері болды және арнайы тікелей эфирлер өткіздік. Соның арасында үлгергенімізше кітап оқып, уақытты пайдалы өткізуге тырыстық. Жалпы бұл кезең ізденуге, білімді арттыруға, рухани кемелденуге жақсы септегін тигізді. Одан кейін Ораза басталды, ауыз бекіткен оқырмандарға да қабыл болсын деп тілеймін!

Екінші жағынан карантин көптеген салаға кесірін тигізді, яғни жұмыстар тоқтап, адамдар үйлерінен шықпауға мәжбүр болды. Экономикалық тұрғыдан алар болсақ, карантиннің кері әсері үлкен болатын сияқты.


2. Менің ойымша, адамдар ең алдымен өзіне көңіл бөле бастады. Енді барлығына жіті мән беретін сияқты... Мысалы, күнделікті шығындарына да зер салатын болады деп ойлаймын. Бұрын аста-төк ысырапшылдық көбейіп кеткен еді, қарапайым ғана үйде дайындалатын тағамды, сырттан алдыратын. Сосын артық барыс-келіс, той-жиын секілді асыра ысырапшылдыққа да есеппен қарайтын секілденеді.


3. Осы тақырыпты және Абайдың өлеңін кеше айтыскер Серікзат Дүйсенғазы ағамен сұқбатымда талдаған едік. Жақында сайттарға шығады. Абай ол өлеңді Крыловтан аударғанын білеміз. Ал ол өлеңде шегертке деп кімді айтып отыр? Ала жаздай, той-тойлап, ертеңін ойламай, өзіне есеп бермей әйтеуір өмір сүріп жатқан адамдарды айтты. Шегіртке – образ, әрі ол «шегіртке» тек әншілердің арасында емес, қай салада болмасын көп. Бірақ бәрін олай атауға да болмайды.

Ал әншілерге келер болсақ, құйтырқы схемалармен адамдарды алдап, лотерея ойнатуы өте ұят тірлік. Олар адамдардың сеніміне селкеу түсірді.


4. Өзім бұл нәрсені аса құптамаймын, еш уақытта гивке да қатысқаy емеспін. Лотерея туралы ұсыныс түскенде, мамандармен ақылдасып, кеңес сұрап «Лотерея жасамаймын» деп шешім қабылдадым.

Жасаған күнде де менің талаптарым бойынша әділ, таза болуы керек деген шартым мен біршама сұрақтарым болған. Бірақ көптеген сұрақтар жауапсыз болғандықтан тоқтаттым. Жасамадым! Оқырмандарымнан да кім ұтысқа қатысып, не ұтқанын сұраған едім. Ешкім ештеңе ұтпаған (күліп). Демек лотерея ойнатқан Ернар Айдарды ғана емес, өзгелерді де тексеру керек деп ойлаймын. Екінші жағынан, лотереяға қатысқан халықтың өзі де кінәлі. Өйткені ешкім ешкімді мәжбүрлемеді, өздері барды. Әйтпесе 10000 теңгеге үй алу мүмкін емес! Бірақ осы жағдай өнер адамдарына да, билет сатып алған елге де сабақ болды деп ойлаймын.



Мархаба Сәби, әнші

1. Карантинді отбасы және шығармашылықпен өткізіп жатырмыз. Карантин кезінде мен үшін көп нәрсе өзгерді деп айта алмаймын. Карантинге дейінде негізінен осы отбасы мен шығармашылық приоритет болатын, сол сақталды.


2. Әркімге әр түрлі әсер етеді ғой), қоры барлар қиналмай, уайымсыз өткізіп жатқаны анық. Ал жалпы халықта депрессиялық көңіл-күй басым деп ойлаймын, ертеңгі күнге сенімсіздік тағы басқа жайттар...

Бір - екі ай карантин кезіндетүбегейлі саналық өзгеріс болуы мүмкін емес. Әлеуметтік желі бетіне кіріп қарасаңбаяғы ойлар, баяғы "идеялар", өзгерген ештеңе байқамадым.


3.Ахметбек Нұрсила ірі тұлға болса мұндай майда мәселемен басын ауыртпас еді деп ойлаймын. Бірақ айтқансөзіне келісемін, әншілердіңтойға барып ақша табудан басқа ойы жоқ екенімен де, азаматтық ұстанымдары жоқ екенімен де келісемін. Осы кезеңде халық төбесіне көтеріп жүрген жұлдыздардың шынайы бейнесін көріп, танып қалған шығар. Және мәселенің басқа жағынан да қарау керек деп ойлаймын. Алдымен азаматтық ұстанымы жоқ, ақшадан басқа ештеңені ойламайтын сапасыз әншілер кімдерге тиімді, кімдер оларды «пиарить» етіп жатқан деген сұрақтарды талдау керек. Ахметбек Нұрсила мырза шын жанашыр болғысы келсе мәселенің салдарын емес, себебін көтергені дұрыс деп ойлаймын.Біздегі кез келген мәселенің ұшы барып қисық жүйегетірелетінібәрімізге аян ғой. Жақында ол кісінің партия құрамын дегенін естідім. Мен саясаттан алшақ адаммын, дегенмен ойымды айта кеткім келеді, әншілермен алысып, ұсақ деңгейдегі мәселелерді көтеріп жүрген адамның қолынан үлкен іс келе қояды деп ойламаймын.


4. Өз басымды ешқашан қызықтырған емес ондай ұтыстар. "Аңқау елге арамза молда" деген мәтел бар ғой.Жеңіл ақша табамын деп алдап отырған жұлдыздар кінәлі ме, жеңіл олжаға алданып жүрген ел кінәлі ме, әлде осы жайттарды заң жүзінде реттемеген билік кінәлі ме? Көптеген сұрақтар).



Әбубакір Ужазов (Абу Кай), әнші

1. Карантин өте тамаша басталған... Ер азамат болғасын үйдің шаруалары жан-жағын жиыстырып жөндеу жұмыстарын жүргізіп дегендей... Дегенмен бұл тәжді ауру мені де айналып өткен жоқ. Алдағы уақытта осы аурумен ауырғаным қаншалықты рас екеніне көз жеткізуім керек болып тұр. Өйткені күмән келтіретін жәйттер бар.


2. Әрине мен саясаткер емеспін, десек те осы елдің азаматы ретінде өз ойымды айтар болсам, бұл дағдарыс біздің қоғамға қиындау соғатын сияқты. Өйткені карантині бар, кешегі Түркістан облысында болған тілсіз жаудың орын алуы секілді жайттардың бәрі біздің халыққа және үкіметке ауыр соққы болды деп ойлаймын. Осынша қиындықтан кейін бірден жақсы болып кетпес, бірақ жақсы болып кетуіне тілекшімін!


3. Ахметбек Нұрсила деген кісіні жалпы сырттай танимын, бір рет тренингінде болғанмын. Әншілердің 90%-ы шегіртке дегенге қатты келісе қоймаймын. Халықтың сұранысына ие болу және сол деңгейге жету оңай емес! Оған дейін қаншама төккен тер, жасалған еңбек, ізденіс көрінбей қалады. Сонша миллион халықты аузына қаратып ән салып сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген өнерпазды «шегірткеге» теңегені қынжылтады. Бірақ назар аудармаймын, мысалы мені "КЕНЕ" дейтіндер бар (әзіл). Бәлкім кісінің де жан айқайы дұрыс шығар?! Мен тек «шегіртке» деп қаншама әріптес аға-бауырларымызды жерге ұрғанына қарсымын.

Соңғы кезде Нұрсила ағамызды телебағдарламалардан көп көріп жүрміз, ол кісіге де жарнама керек деп ойлаймын. Сол себепті осындай аты шулы жерде төбе көрсетуі хайптың исіме деп те қаласың...


4. Иа, бізге де ұтыс ойнату туралы көптеген ұсыныстар түскен, конкурс дейміз бе лотерея дейміз бе, бірақ өз басым барынша қашуға тырыстым. Өйткені сенбедім, сенбеймін! Қаншама аға бауырларымыз әпкелеріміз миллиондаған оқырманды осы гивсіз де жинады. Сонша еңбектің абыройдың әп-сәтте көкке ұшқанын ешкім қалмайды. Өзім олар сияқты асқақтап тұрмасам да, ертеңгі күні артымнан «алаяқ» немесе «оңбаған, көргенсіздің баласы» деген сөзден қорыққандықтан, бұндай арзан дүниеге жолағым келмейді.


Автор: Қарашаш Есенбай

ERNUR.KZ