Жарылқасын Дәулет: "Жұлдыздардың танымалдылығын қолдан жасап отырмыз"

0
4 466

«Сабыр ет, бауыр бәріне» деген әуезді әндерімен өнер сахнасына тағы бір топ келіп қосылды. Олардың басқалардан өзгешелігі де сол әуезді әні мен саналы сөздерінде болып тұр. Осы қоғам руханиятының жолында ән айтуды бастаған, танымал сатирик Жарылқасын Дәулеттің төл шәкірттері «Rayyan» тобы өткен аптада ұстаздарымен бірге Шым қалада қонақта болды.


Жарылқасын Дәулет:

«Сабыр ет, бауыр бәріне» деген әуезді әндерімен өнер сахнасына тағы бір топ келіп қосылды. Олардың басқалардан өзгешелігі де сол әуезді әні мен саналы сөздерінде болып тұр. Осы қоғам руханиятының жолында ән айтуды бастаған, танымал сатирик Жарылқасын Дәулеттің төл шәкірттері «Rayyan» тобы өткен аптада ұстаздарымен бірге Шым қалада қонақта болды.

- Шымкенте қош келдіңіздер, бүгін күні бойы телевизиялық түсірілімде болғандарыңызды естідім. Бірақ концерт бермеген сияқтысыздар, арнайы кеш өткізіп кету жоспарда болмады ма?

Жарылқасын Дәулет: Негізі жеке шаруаларымызбен келгенбіз. Соның аясында сұқбаттар ұйымдастырудамыз, әлі ән кештерімізді өткізген жоқпыз. Бірақ жақында «Ұрпағымыз азбасын» деп аталатын ауқымды шарамызды ұйымдастырдық. Негізгі бағытымыз да сол ұрпағымыз азбаса екен, ағымдарға ілесіп кетпесе, осыған қызмет жасасақ деген ниет. Оның алғашқы қадамын жасадық та...

- Бұрынғы төрт жігіттен тұратын «Rayyan-ның» құрамы түгелдей өзгерді. Жаңа құрамды, өзіңіздің жеке жобаңызды шәкіртіңіз Ақтолқынның продюсерлігіне беруге не себеп болды?

Жарылқасын Дәулет: Біріншіден, мен Ақтолқынға сендім. Ол шәкіртімнің іскерлігіне, адамгершілігіне өте қатты сенемін. Оның үстіне сол кездерде Ақтолқын өте қатты қиналып жүргендей болды соны байқадым. Со кезде оған«Rayyan» тобын ал, қанша жыл жүргізсеңде өзің біл дедім. Ол «жарайды» деп келісті, жұмысқа кірісіп серпілгендей болды. Өзімнің шәкіртім болғасын білемін ғой, ішкі дүниесін ұғуға тырысасың. Өзі біреулерге қамқорлық жасап жүргенді жақсы көреді. Бұл жігіттерді інілеріндей көріп, қарқынды жұмысты бастап кетті.

- Жаңа құрамдағы жігіттермен жақынырақ таныссақ?

Бағжан Ерғайып: Есімім Бағжан, Назар екеумізде Талдықорған қаласынанбыз. Ж.Елебеков атындағы колледжді бітіргенбіз. Бұған дейін жеке шығармашылықпен айналысып жүргенмін. Қазіргі продюсеріміз Ақтолқын әпкемізбен «Аманат music» деген конкурста таныстық. Сол конкурста мен 1 орын алған болатынмын. Сол таныстықтан кейін үнемі байланыста болдық. Әндеріме бағасын беріп, сын-пікірін айтып отыратын. Кейіннен әпкем «Осындай бір жобаны қолға алып жатырмын, мүмкіндік болса көрейік, ағамен таныстырамын» деп шақырды. Ұстазымның көңілінен шықтым ба оны білмеймін, бірақ жақсы қабылдады. Сол кезде алғаш батасын беріп, ісімізді бастағанбыз. Қазір аллаға шүкір жаман емес.

- Мен сіздің жеке әндеріңізді тыңдадым. Жеке шығармашылықтан неге топқа ауыстыңыз, әдетте көбі топтан жекеге шығып жатады.

Бағжан Ерғайып: Ең бастысы, маған «Rayyan» тобының бағыты ұнады. Жеке шығармашылығымда да есті әндер айтуды дұрыс көретінмін. Марқұм атам есті ән айтуымды қалады, өйткені қазіргі заманда жайсыз әндер көбейіп кетті ғой. Ондай емес, табиғаты қазақи әндерді жеткізгім келетін. Оған өзіміз жеке жүрсек қиындау сияқты. Бұл топтың бағыты өзімнің табиғатыма келеді. Оның үстіне ұстазымызбен танысқаннан кейін де жұмыс жасамау мүмкін емес болып қалды. Бұл кісімен алғашқы кездесуінде-ақ сөйлескенде керемет әсер алдым. Ағамызға шәкірт болу өте үлкен мәртебе екенін білдім.

Назар Мұрат: Мен 4 жылдай бұрын Талдықорғандағы колледжді бітіргенмін. Оны бітіргесін елімізге еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Ораз деген ағамның қарамағындағы жан-жаққа гастролдік сапармен жүрдім. Шығыс, Орталық, Оңтүстік, Солтүстік Қазақстанды аралап жүргенбіз. Енді Батысқа барамыз деген ниетіміз болған, өзім де сол уақытта келесі жылы Алматыға баруды ойлап жүргенмін. Оқуға түсіп, білімімді жалғастырсам, жақсы ұстаз жолықтырсам деп ниеттеніп жүргенімде Бағжан бауырымыз хабарласты.

Жарылқасын Дәулет: Топқа жігіттерді қабылдау үшін кастинг болды. Алдымен Бағжанды алдық, тағы бір жігіт аламыз дегенде Бағжан менің досым бар деп ұсыныс айтты. Продюсерлері Ақтолқынға Назарды айта бергенге ұқсайды, әйтпесе басқа жігіттерді де тыңдадық, кейін Назарды шақырып тыңдап көрсек екеуі жақсы екен.

Бағжан Ерғайып: Біз Назар екеуміз бұрыннан доспыз. Топта ән айту үшін мүшелері бір-бірін түсінуі керек. Костингте мықты әншілер болды, бірақ олармен жұмыс жасағанда дауыстарың мықты болғанмен, бір-біріңді түсінбесең жеткізу жағы қиын болатын сияқты. Сондықтан өнердегі бауырларымды ойланып, әрі ұстаздарымыздың қоятын талаптары да бар. Ұсынысты Назарға айтқанымда, ол келіп ағамызбен танысып қалды.

- Негізі біздің шоу бизнесте жершілдік бар екені рас. Сіз өз жобаңызға неге екі Талдықорғандық жігіттерді таңдадыңыз.

Жарылқасын Дәулет: Иә, жершілдік бар, бірақ менде жоқ. Мысалы Шымкентен шәкірттерім өте аз. Кішіпейіл, өзіміз сияқты аңқылдақ, біреуге арамдығы жоқ адам болса, соны жақсы көремін. Содан кейін таланты болса болды. Мысалы бұрынғы «Rаyyan» тобындағы жігітердің бірі Қарағандыдан, Повлодардан, Тараздан тек біреуі ғана Шымкенттен болған еді. Маған жершілдік әсер етпейді, таланты болса болды.

- Қазір өзгеше стиль мен имидж болмаса көп аудитоия жинау мүмкін емес. Оны сіздерде мойындайтын шығарсыздар, сіздердің өзгелерден ерекшеліктеріңіз неде?

Назар Мұрат: Бізде жарып шығып, танымал болып кетейік-ау деген ой жоқ. «Rаyyan» тобының негізгі мақсаты елімізге, баршы мұсылмандарға діни насихатты әнмен жеткізу.

- Имидж бойынша арнайы мамандармен жұмыс істейсіздер ме?

Жарылқасын Дәулет: Біздің мақсатымыз имидж емес, ой айту. Даналықтар жеткізу, біздің бабаларымыз қандай болды? Олар балаларын тастаған жоқ, жетімін қаңғыртып, жесірін жіберген жоқ. Ата-анасын қадірледі, әйелін бағындырды, әйеліне бағынды. Біздің бағытымыз осыны айту. Шынын айтайын, қазір «менің имиджім осылай болса екен» дейді де, шатасады. Оның қазаққа қажеті жоқ, халық өзіне қажеттісін тауып алады. Заттыбек дегенде әнші шықты ғой «Ақмаржанмен». Халық сол кезде сондай әнді аңсап отырған. Мысалы оның қандай имиджі бар? Өзіне де айтып күлемін, алғашында ән сұрағанында бермей қойғанмын. "Айтпай-ақ, қойшы" деп, кейіннен бірақ алды ғой. Оны мен қазір «дихловоз» деп айтамын, себебі «Ақмаржанмен» Шымкентті өзбектердің әнінен тазалап шықты. Ол имидж іздеген жоқ, барымен шықты.

Имидж десеңіз, Назар цирк өнерін меңгерген, 4 шарды бірдей айналдыру көбінің қолынан келмейді. Фокус өнерінің сырын білетін жігіт, керек болса екеуін концертке осындай өнерімен алып шыға алады. Бірақ ол қоғамға керек пе? Қазаққа «Сабыр» деген ән керек, қазақтың арына, мөлдірлігіне ғашық болайықшы. Мен композиторларға да талай айттым, біз сияқты ақымақтардың кесірінен қазақ қызының портретін жойылып кетпесінші. Қазақ қызынын портреті ар мен ұят еді.

Біз олардан айырылып, "найнти уан" деген бәлеге жолықтық қой. Біздің өнерімізге жаңғыру керек. Мен бәлкім «Rаyyan» тобын ашпас па едік, алдындағы жобамыздан кейін «91» тобы шыға бастады. Оларға «Rаyyan» тобын шығарайық дедім. Қазір бәріміз «91» тобы жайлап жатыр дейміз, бірақ оның артында әрі кетсе 30 блогер отырғанын мамандар білесіз, оларды танытып отырған журналист-блогерлер. Олардың танымалдығын қолдан жасап, өзіміз соған алданып отырмыз. Ең жаманы - саясатты нисихаттап отыратын Ұлттық арнаға олардың жобасын шығарып отырғанымыз.

- Ол туралы Сәуле апайдың хатын оқыдық, одан кейін эксклюзивті сұқбат алған болатынмын. Мені мазалайтын сұрақ, аға буынның көзқарасы түсінікті, ал жастардың көзқарасы қандай? Бағжан, Назар сіздердің көзқарастарыңыз қандай?

Бағжан Ерғайып: Ол әрине дұрыс емес!

- Дұрыс емес болса, ол жобаның орнына сіздер қандай жаңалық ұсына аласыздар?

Бағжан Ерғайып: Ол келешек ұрпағымызға кері тәрбие. Қазіргі біздің қоғамға саналы әндер керек. Терең мағыналы, жақсы өсиет беретін әндермен дәріптей аламыз. Абай мен Шәкәрім дәуіріндегі санамызды оятуымыз керек. Қазақ аты мен затын сақтап қалуымыз керек. Негізі өзім өнерде жүргесін олардың дауыстарын, таланттарын мойындаймын. Тек киіну стилдері жастардың тілімен айтқанда «қуып» кеткен. Ол жастардың санасын улауда. Қазір тыңдап жүрген жастар, 10 жылдан кейін қандай болады деген сұрақ ойландырады. Жастар бізді тыңдамайтын шығар, бірақ рухы барлардың бізді тыңдайтынын білеміз.

-Ол жігіттердің жаулап алған аудиториясын қайтарып алуға не кедергі?

Бағжан Ерғайып: Оған ойланып жауап беру керек. Бірақ жаңа айтқанымдай бізді жанарында оты, рухы бар, жүрегі «отан» деп соғатын азаматтар мен азаматшалар тыңдайды. Олар санаулы ғана, бірақ біз сол санаулылардың санын көбейтуге барынша еңбек етіп жатырмыз. Жастарға да ұнайтын ән айту мақсатымызда бар.

- Мақсаттарыңызға жетуге тілектеспіз. Уақыт бөліп сұқбаттасқандарыңызға рақмет!


Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ