​АЗ УАҚЫТтың ішінде бетті АҒАРТЫП, ЖЫЛТЫРАТАДЫ

0
951

Бетіңіз ағарып, жылтыр болғанын қаласаңыз, МЫНА маска сізге тез арада көмектеседі


​АЗ УАҚЫТтың ішінде бетті АҒАРТЫП, ЖЫЛТЫРАТАДЫ

фото: hs-shop.ru

Бұл негізі корей сұлуларының көп қолданатын әдістерінің бірі. Сондықтан, сіз де осы масканы жасау арқылы нәтижесіне көз жеткізіңіз.

Корей сұлулары деп атап өттік, ендеше бұл тікелей күрішпен байланысты екендігін сезіп те отырған боларсыздар?!

Алдымен 2 ас қасық күріштің үстіне күріш батып тұратындай су құйып алыңыз. Су ыстық немесе жылы болмауы тиіс. Кәдімгі құбыр суынан құйып, тоңазытқышқа бір түнге салып қойыңыз.

Таңертең ұйқыңыздан оянғанда күріш суды өзіне сіңіріп, ісінеді. Сол күріштің үстіне тағы да 2 ас қасық шикі сүт, 2 ас қасыз алоэ сөлін қосамыз. Егер үйде өсіп тұрған алоэ гүлі болмаса, кез келген дәріхана немесе косметикалық дүкендерде дайын алоэ гелі сатылады, соны қолдансаңыз болады.

Сосын осы қоспаларды миксермен араластырып немесе блендерден өткізіп алыңыз. Дайын болған қоймалжыңға мақта дискісін батырып, әр күні таңертең бетіңізді сүртіп тұрыңыз. 10-15 минут тұрған соң, салқын сумен жуып тастаңыз.

Қалғанын тоңазытқышта сақтап қойсаңыз болады.


фото: livesvideos.ru


Сұлы сүтінің бетке пайдасы

Беттегі проблеманың 70 пайызын ішкі ағзаның жұмысын реттеу арқылы, ал 20 пайызын бетке дұрыс күтім жасау, теріңізге сай күтім құралдарын, косметиканы дұрыс таңдай алу арқылы шеше аламыз.


Сұлы сүті (овсяное молочко):

Беттегі қара дақтарды кетіреді

Безеуден қалып қойған іздерді кетіреді

Бетті жылтыратады

Ағартады

Теріні тегістейді.

Сұлы сүтінің бұдан да басқа пайдасы орасан зор. Сұлы сүтінен маска жасаудың жолдары да өте оңай, бір рет қолданғаннан-ақ, бетті қалай жұмсартып, қалай тазартқанын өзіңіз де байқайсыз. Күнделікті қолдансаңыздар да болады.


Жасалу жолы:

1 ас қасық сұлы сүтін 3-4 ас қасық жылы сумен араластырып, 5-10 минуттай тұндырып қойыңыз. Осы дайын болған қоспаны тазартылған бет терісіне жағып, 15-20 минуттан соң, жуып тастаңыз. Бұны маска ретінде қолдансаңыз да болады немесе сұйықтау етіп дайындап, күнде таңертең бетіңізді жуып тұрсаңыз да болады.

Ол үшін күнделікті бетіңізді жуатын сұйықтықты күнде жаңадан дайындауыңыз керек. 1 стакан жылы суға 1 ас қасық сұлы сүтін араластырып, 5-10 минутқа бұқтырып қоясыз. Осы сұйықтықпен кешкісін жатар алдында бетіңізді жуып, таңға дейін қалдырсаңыз болады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТЫРНАҚқа КҮТІМ жасап жүрсіз бе?


БАНАНнан жасалған МАСКАның артықшылықтары көп