Беттегі ҚАРА НҮКТЕні оп-оңай КЕТІРУГЕ болады

0
6 232

Мұны Клеопатра патшайым үнемі қолданған.


Беттегі ҚАРА НҮКТЕні оп-оңай КЕТІРУГЕ болады

Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Оны тек пайдалы ас түрінде ғана емес, сұлулықты сақтаушы ретінде де қолдануға болады. Сондықтан үйіңізден міндетті түрде бал үзілмегені дұрыс.


Беттегі ҚАРА НҮКТЕні кетіретін бал МАСКАлары:
1) 5 шай қасық балға 1шай қасық тұз салып, араластырамыз. Қоспаны бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы сумен мұқият жуу керек. Аптасына екі рет жасалады.

2)1 ас қасық (толтырмай) ас содасын суға қосып ерітіп, 1 ас қасық бал қосамыз. Масканы бетке жағып, 10 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң, жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска беттегі қара нүктелерден, артық дақ пен токсиндерден тазартады.


фото: more-vsego.net

Беттің АЖАРын ашатын бал МАСКАлары:
3) 2 ас қасық түймедақты (ромашка) бір ыдысқа салып, үстінен қайнаған су құясыз. Оған екі ас қасық бал қосып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаға алдын ала дайындап алған екі көз тұсы «ойылған» дәкені батырып аласыз. Ылғалды дәкені бетіңізге қойып, 20 минуттан кейін бетіңізді жуып тастайсыз.

4) 1 дана мандариннің шырынын түгелдей сығып алып, оған бір ас қасық бал қосасыз. Осы қоспаны бетіңізге жағып, 15-20 минуттан кейін жуып тастайсыз.
5) 2 ас қасық балды 1 ас қасық лимон шырынымен араластырып қоспа дайындап алыңыз. Осы қоспаны бетіңізге мұқият жағып, 15-20 минуттан кейін жуа беруіңізге болады.


ҚҰРҒАҚ БЕТке арналған бал МАСКАлары:
6) Жарты бананды езіп, жұмыртқаның сарысы мен жарты ас қасық қаймақты, жарты ас қасық балды араластырыңыз. Қоспаны 15 минут бетіңізге жағып қойыңыз. Соңынан жылы сумен жуу керек.

7) 1 дана жұмыртқаның сарыуызына 1 ас қасық бал мен бірнеше тамшы жожоба майын тамызыңыз.барлығын мұқият араластырып, қоймалжың қоспа дайындаңыз. Осы қоспаны бетіңізге жағып, 20 минуттан кейін жуып тастайсыз.

Бал мен сүттің қосындысын Клеопатра патшайым үнемі қолданған. Бал бетті нәрлендіріп, қоректендіреді, теріні жасартып, қанайналым жүйесін жақсартады. Ескеретін жағдай: балға қарсы аллергияңыз болмауы керек.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қырыққабат СӨЛІ жасартады

БЕТІ "ЖЫЛТЫР" қыздар НЕ ЖЕЙДІ?