Гель-лакты үй жағдайында кетірудің тәсілі

0
7 873

Гель-лакты тек салонда кетіреді деген сөз мифке айналды.


Гель-лакты үй жағдайында кетірудің тәсілі

Қыздардың тырнақтары гелді-лактың арқасында бірнеше аптаға дейін сымбатын бұзбайды. Мұның сәнге кіргеніне де бірнеше жылдың жүзі болған. Гелді-лакты барлығы дерлік тырнақтарына жаққанымен, көбі қалай кетіруді білмей қиналып жатады. Салонға баратын уақыт жоқ болған кезде, үйде кетірудің қарапайым жолын біз ұсынамыз.

Ол үшін бізге керек заттар:

  1. Лакты кетіруге арналған сұйықтық;
  2. Мақта дискілері;
  3. Фольга қағазы;
  4. Тырнақ тазалайтын ағаш таяқша;
  5. Тырнақ егеуіш.

» Алдымен тырнақ егеуіш арқылы лактың бетін міндетті түрде егеу керек. Сол арқылы ацетон тырнақтағы лакты жылдам кетіреді. Одан соң мақта дискілерін төртке бөліп, лак кетіретін сұйықтық жағыңыз.

» Дайын мақтамен тырнағыңыздың барлық жеріне жабыстырып, фольга қағазымен мықтап орап қойыңыз.

» 15-20 минут өткеннен кейін ашыңыз осы уақыт аралығында гель-лактың біраз бөлігі алынады. Қалған бөлігін ағаш таяқша арқылы алып тастауыңызға болады. Немесе жоғарыдағы процедураны тағы бір рет қайталасаңыз да артықтық етпейді.

» Бұдан кейін тырнақтарыңыз сапасын жойып, қолдың терісі де зиян шеге бастайды. Сондықтан міндетті түрде нәрлендіретін кремдер жағу керек.


Гель-лак тырнақтан бөлек, қолдың терісіне де зиян. Оның зардаптарын азайту үшін төмендегі кеңестерді ескере жүріңіздер.

Тырнаққа жағылған лақты ултракүлгін шаммен кептірмеңіз! Бұрын барлық салондар осы шамның көмегімен кептіргені белгілі, қазір оның зияны көп екенін білген мамандан LED-шамдарға көшкен.

Шамның сигналы басылмай тұрып қолыңызды алмағаныңыз дұрыс. Кейде қыздар шам қолдарын күйдіре бастаса немесе телефондарына қоңырау келсе қолдарын бірден тартып алады. Асылында бұл мүлде дұрыс емес! Өйткені секундтың өзі маңызды рөл ойнайды. Тырнаққа жағылған лактың әр қабатын кептіру өте маңызды

Құралдардың бір марканыкі болуына мән беріңіз. Өйткені әртүрлі өндірушілердің өнімдерінен құралған маникюр сәтті шықпайды.

Фото: edinstvennaya.ua

ERNUR.KZ