​ҚОЛТЫҚ пен ШАП аймағындағы түктерден ОҢАЙ арылуға болады

0
7 829

ҚЫРЫНУДЫҢ да қажеті жоқ...


​ҚОЛТЫҚ пен ШАП аймағындағы түктерден ОҢАЙ арылуға болады

Жаз мезгілі жеңіл киімдерге көшетін мезгіл. Ыстықтан терлеп-тепшімей, мазасызданбау үшін мейлінше табиғи талшықтан жасалған, ауа өткізгіштігі жоғары мақта-мата киімдерді киеміз. Ер, әйел деп бөліп-жарудың қажеті жоқ, әрбір ересек адамның қолтығында және интимдік аймақтарында түк өседі.

Бұл да өздігінше ыңғайсыздық туғызып, ашық киімдерден кейде «төбе көрсетіп» те қалып жатады. Бактериялардың жиналатын орны осындай жерлер екенін барлығыңыз да білесіздер.


Қолтық терлегенде жағымсыз иіс шығып, айналасындағы адамдардың өзінен жиіркеніп тұрғаны кімге ұнасын?! Сондықтан, өзіне деген сенімді жоғалтпай, үнемі тазалық сақтап жүруге тырысатын сұлу бикештерге біршама КЕҢЕС болсын, бұрынғы «тазалану әдістеріңізді» алмастырып көріңіздер. Өйткені, бұл өте сезімтал келетін қолтық пен интимдік аймақтардың терісінің тітіркеніп немесе кішкентай ғана жарақаттанып қалса да инфекция түсуінен сақтайтын тәсіл.

Ал, инфекция түссе, әртүрлі ауруларды шақыруы да мүмкін. Оның алдын алу үшін бүгіннен бастап, ұстарамен қырынғанды, қас жұлуға арналған құралмен қолтық түгін жұлуды сақтық шараларын сақтай отырып орындасаңыз, көптеген қолайсыздықтардың алдын аласыз.

Интимдік зонадағы түкті ұстарамен алмаса, басқа жолы жоқ дейтіндер үшін мұның да дұрыстығын растаймыз. Өйткені, жыныстық жолмен берілетін түрлі инфекциялардың ошағын жоясыз.

Қазір артық түсктерден арылтатын препараттар да көптеп кездеседі. Бірақ, өте сезімтал теріге кері әсерін тигізуі де мүмкін. Бұл әр адамның организміне байланысты.

Құрамында химиялық қоспалары бар қырынуға арналған гельдерді пайдалану менің теріме жағымсыз әсер береді десеңіз, оның орнына теріге ешқандай зиянын тигізбейтін, ауырсыну сезімдерінен азат болатын, табиғи жолмен тазартудың жолдарын білгеніңіз абзал.

Ұстарамен түктерді тазартсаңыз, жаңадан өсіп шығатын түктер қышытады. Ол денсаулығыңызға түктерді қырмай қойғаннан да қауіптірек. Теріге айтарлықтай залал келтіреді.

Сондықтан, алдымен қолтық асты түктерін тазартуды «үйреніп» алсаңыз, соңынан, интимдік аймақты тазартуды да айтатын боламыз.


ШЕКЕР мен ЛИМОН сөлі

2 ас қасық лимонның сөлін сығып алып, шағындау бір ыдысқа 1 ас қасық шекерді салыңыз. Екеуін жақсылап араластырып, жуылған қолтық аймағына жағып қойыңыз. Арада 5 минуттай өтіп, сіре болып қолыңызға жабыса бастағанда қолтықтың түгін саусақтарыңызбен жеңіл айналдырып, түсіріп тастауға болады.

Бұл әдісті жасап болғаннан кейін, тек қана жылы сумен жуып тастаңыз.


ЖҮГЕРІ ҰНЫ мен АҚУЫЗ

1 дана жұмыртқаның ақуызын сарысынан бөліп аламыз. 1 ас қасықтай шығуы керек. Егер көп болса ештеңе етпейді, ал, жұмыртқа кішкентай болып, ақуызы да соған сай 1 ас қасықтан аздау болып қалса, екінші жұмыртқаны да жарып, ақуызын алыңыз. Бірақ, тек қана керекті мөлшерін ғана пайдаланыңыз. Яғни, 1 ас қасығын ғана пайдаланаңыз.

Теңдей мөлшерде, 1 ас қасық ақуыздың үстінен 1 ас қасық жүгері ұнын салып, жақсылап араластырып алыңыз. Кепкенін күтіңіз.

Кепкеннен кейін ақырындап құрғаған қоспамен бірге қолтық түгін алып тастасаңыз, жеңіл тазаланады.

Соңынан әлбетте жылы сумен жуып тастаңыз.


СҮТ және ЗІМБІР (имбирь)

Зімбірді ұнтақтап, 1 ас қасығын 2 ас қасық сүтпен араластырыңыз. Қолтығыңызға мұқият жағып шығыңыз. Мұны да 2-3 немесе 5 минут ұстасаңыз болады. Содан кейін тазалап, артынан жуып тастаңыз.




Шап аймағындағы түктен арылу үшін...

Міндетті түрде сақтық шараларын жасаңыз. Бұл аймақтағы түктерді таңертең тазалаған дұрыс. Яғни, ұйқыдан тұрғаннан соң, жарты сағаттан соң бастай беріңіз. Өйткені, таңертеңгісін ұйқыдан тұрғанда интимдік аймақ та «ісініп» тұрады. Сол кезде түктерді толық тазалап алуға мүмкіндік бар. Таңертең болмаса да, күннің алғашқы жартысында тазалап үлгеріңіз. Себебі, кешке шап аймағындағы түктерді ұстарамен алған кезіңізде бір тегіс, толық алынбай қалады.

Қырынбас бұрын кофе мен қант скрабын қолдансаңыз, теріңіз тегіс және ешқандай қызарған жері, қышыну сезімі болмайды.

Депиляция, яғни, қырынуға арналған гельдің орнына шашқа арналған бальзамды қолдансаңыз да болады.

Бұдан асқан мықты құрал жоқ.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Оқи отырыңыз:


Шығыс әйелдерінің ӘДЕМІ болудағы 7 құпиясы

ПЕДИКЮРді өзіңіз-ақ жасай аласыз!