Неге әйелдің дене мүсіні "90-60-90" болуы керек?

0
5 370

Сіздің мүсініңіздің өлшемі қандай?


Неге әйелдің дене мүсіні

Әйелдердің 90-60-90 деген «Алтын» стандарты өткен ғасырдың соңында ғана пайда болған таптаурын. Көптеген қыз-келіншектер бойы мен дене бітіміне қарамастан, 90-60-90 болуға талпынады.

Өйткені олардың ойынша, аталмыш сандар дәл келетін мүсін жігіттердің назарын бірден аударады.

XX және XXI ғасырдың басындағы сәнбикелердің барлығы дерлік 90-60-90 болатын мүсінді идеал санады. Ал бұл түсінікті кім шығарды?

Бұл сұрақ кімге болса да қызық! Бірақ ол туралы нақты дәлелденген ақпарат жоқ... Тек қызықты нұсқалары ғана бар. Сұлулық әлемі зерттеушілерінің кейбірі мұның бәріне жалқаулық кінәлі болуы мүмкін деп есептейді екен. Өйткені бір стандартты қалыптастыру, бәсекені азайтады-мыс.



Екінші бір нұсқа бойынша, 90-60-90 стандартының пайда болуына ұзақ жылдар бойы әлемнің ең сұлу қызы болған - Клаудии Шиффер себеп болуы мүмкін. Өйткені оның мүсіні 95-62-92 өлшемге тең еді. Сондықтан, әлемнің сұлулары Клаудии сияқты болсын деген оймен, оның өлшеміне жақындатуы мүмкін екен.

Дегенмен де қыздардың мұндай өлшемде болуы өте сирек кездеседі, тіпті сінгерлердің арасында да олар санаулы. Сондықтан да қыздың тартымдылығы оның өлшемі 90-60-90 болуымен тоқталып қалмайды. Мамандардың айтуы бойынша, кез келген әйелге дене бітімі қолайсыздық тудырмауы керек.

Тағы оқыңыз:

Тері қабыршақтанса не істеу керек?

Жаңа Жыл кешіне жарқырап боянғыңыз келсе – 3 кеңес


Автор: karashash_esenbay

Фото ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ