Тері қабыршақтанса не істеу керек?

0
8 566

Суық күндері тері үнемі қабыршықтанады. Бірақ оның шешімін табуға болады!


Тері қабыршақтанса не істеу керек?

Қыздарды қыс мезгілінде мазалайтын проблемалардың бірі - терінің қабыршықтануы. Бұл күн салқындаған кезде пайда болатын табиғи құбылыс. Өйткені суық жел мен аяқ теріні тітіркендіріп, құрғатып жібереді.

Бұл мәселенің шешімін таза суды көбірек ішумен шешіге болады. Бірақ шәй, не кофе емес, тек су. Ал ыстық сусындар ағзадан сұйықтықты көп бөліп, керісінше терінің құрғауына әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, даладан тоңып келген денеге ыстық ванна қабылдауға болмайды! Ол да теріні құрғатады.

Денені құрғататын тағы бір себеп жүннен жасалған киімдер екен. Олар денені қышытып, әрі құрғауына себеп болады. Сондықтан мейлінше мақта мен кашемирден тігілген киімдерді кию керек.

Сонымен қатар, қабыршықтанған денені қалпына келтіру үшін Омега 3, 6 және 9, В және Е дәрумендерін тұтыну керек. Ол ағзадағы сұйықтықтың мөлшерін реттеп, терінің нәрленуіне көмектеседі.

Фото: edinstvennaya.ua

ERNUR.KZ