Тег: жаңалықтар

Қазақстан хоккейшілері Украинаны 8:1 есебімен жеңді

Қазақстан хоккейшілері енді 7 ақпанда Нидерландпен мұз айдынына шығады.

Оралда интернет арқылы есірткі сатқан колледж студенті ұсталды

Сатуға арналған есірткіні ол интернет арқылы тапсырыс беріп, байланыссыз жолмен алып отырған. Содан кейін өз пәтерінде бөліп буып, "жасыру" арқылы таратқан.

Үндістанда көпқабатты үйдің шүмегінен су орнына ішімдік аққан

Жағымсыз иістің шыққанына тұрғындар бірден назар аударған және күмән тудырған суды пайдаланбаған.

Нұр-Сұлтанда әйел коронавирус жұқтырдым деп күдіктеніп, емханаға келді

Дәрігерлер әйелдің жағдайына алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Науқас тыныс алу жолдарының инфекциясын жұқтырған.

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып ұлыбританиялық азамат сайланды

Бұған дейін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Медициналық бетпердені экспорттауға тыйым салынды

Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ болмаса бетперде киюдің қажеті жоқ екенін атап айтты.

Қазақстанда былтыр 3,8 мың адам суицид жасап көз жұмған

Өзіне қол салудың негізгі себептері: жалғыздық, кедейлік және түрлі аурулар.

Жалақыны тағы көбейту керек – вице-министр

Ең төменгі жалақыны 73 мың теңгеге жеткізбек.

Сыйға тартылған гүл шоғы параға жата ма - ресми өкіл жауабы

Егер сыйлықтың құны 2 АЕК-тен асса, яғни 5 мың теңгеден сәл артық болса, онда бұған қазірдің өзінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.