АШУЫ МҰРНЫНЫҢ ҰШЫНДА ТҰРАТЫН адаммен қалай өмір сүруге болады

0
1 364

Адамдар не үшін ашуға беріледі? Неге кей жандар ашуға бірден беріледі, ал кейбірі мүлде ашуланбайды. Мәселе тәрбиеде ма, әлде ағзадағы химиялық процеске байланысты ма?


АШУЫ МҰРНЫНЫҢ ҰШЫНДА ТҰРАТЫН адаммен қалай өмір сүруге болады

Егер отбасында күйеуі немесе әйелі тез ашуланғыш болса, не істеуге болады? Ашуын түсіну керек пе әлде өзінен асып түсіп айқайлаған дұрыс па? Әрекетіңіздің қандай болғаны дұрыс?

Адамдар не үшін ашуға беріледі? Неге кей жандар ашуға бірден беріледі, ал кейбірі мүлде ашуланбайды. Мәселе тәрбиеде ме, әлде ағзадағы химиялық процеске байланысты ма?


Жалпы ашу деген – эмоциялық жай-күй. Ашу көбіне адамның жан күйзелісінде көрінеді. Бұл реакция көбіне іс-әрекет немесе қарым-қатынас кезіндегі жағдайлар күткен нәрсемен сай келмегенде туындайды. Негізі агрессия ашық және жасырын түрде кездеседі. Тұрмыста көбіне адамдар ашық агрессия көрсетеді, ашуға беріледі.

Агрессивті адамдар – бұл менменшіл, атаққұмар жандар. Олар өзін өзгелер жете бағаламады, көп нәрсеге лайық едім деп санайды.

Ашық агрессияда адам ашуын мүлде жасырмайды, бәрін ашық түрде айтады. Кейде бұл өте оқыс жағдайға да алып келеді.

Жасырын агрессия – адам өзінің ашуын, қорқынышын және жағдайға көңілі толмайтынын ашық түрде айта алмай, айналып өтетін жол табады.


Жолдасыңыз ашуын тежей алмайтын болса...

Ер азаматтардың агрессиясы – құралдық, ол белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылады.

Ал, әйелдердің агрессиясы – экспрессивті: көңіл-күйі бұзылса, айғайлап, ұрсып шығады.

Егер ерлі-зайыптылардың бірі ұрысқанда екіншісі шыдамды болса, онда шыдамдысы қарым-қатынаста үнсіз серіктес.

Кейде, ерлі-зайыптылар таңертең бір-біріне айқайлап, ұрсып алып, ал кешкісін түк болмағандай жүреді. Ешкім таңертең болған жағдайды есіне алмайды, бір-біріне деген мүлде реніш жоқ. Егер жағдай осылай болса, онда бұл қорқынышты емес.

Үйде ыдыстар сықырламайды, сынбайды, бірақ әйел үнемі ызыңдап және көңілі толмай күңкілдей берсе, мысалы, күйеуінің киімдерді шашып тастағанына, тамақ ішкеніне, ұйықтағаны жақпаса, онда бұл жасырын агрессия көрінісі. Егер ерлі-зайыптыларға бір-бірімен жақсы болса, онда олар ұсақ-түйек нәрселер үшін ұрыспайды. Мұндай жұптар бірін бірі қорғайды. Қандай да бір тез тұтанған ашуға, эмоцияға қарағанда, ерлі-зайыптылар арасындағы жақсы қарым-қатынасты үнемі жолдасына көңілі толмай жүру қатты бұзады.

Егер адам өзін қай жерде қалай ұстап, қай жерде ашуын көрсетіп, қандай кезде басылу керектігін жақсы түсінсе және күйеуінің агрессиясына жай қараса, онда әйелін бағалайтын еркек келесі жолы ашуға берілмеуге тырысады. Негізі адам баласы көп нәрсені бақылауда ұстай алады. Сондықтан ашуды да тежей алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, жұмыста айқайлап ұрсуға, агрессиясын көрсетуге қысылады да, ал үйіне келгенде барлық жанды «қуырып» алады. Адам өзін қалай болса да ұстай алатынын ұмытпағаны дұрыс.

Отбасы деген екі жанның бір бүтін болуы, ал егер оның бір жартысы ашуға берілгіш болса, онда екінші жартысы ерекше кейіпте момындық таныту керек. Тек сонда ғана жеңіске жетуге болады. Бұл күрес отбасының игілігі үшін жасалады.

Бірақ бір кездері үнемі пәс түсіп, момын болудың да уақыты келеді, шыдамы шегіне жетеді. Бұл отбасында орын алған жағдайға да байланысты болады. Егер ашуланып айқайлау соңы көбіне қол көтерумен немесе қолына түскен лақтырып, ыдыс сындырумен аяқталса, онда шыдап жүрген жан біршама уақыт жолдасынан бөлек өмір сүргені дұрыс. Бөлек тұру екі жаққа да ойлануға, іс-әрекетін пайымдауға көмектеседі. Егер татуласудың жолын тауып, кешірім сұрап келіп жатса, қайта қайтқан жөн. Ал, өкпе-реніш тарамай, бір-біріңізді кешіре алмайтындай болсаңыздар, онда тек балалар үшін немесе елдің сөзі үшін деп қайта қосылудың қажеті жоқ.


Егер адам өзінің агрессиясын сезініп, сол үшін өкінетін болса...

Күйзеліс пен ашу-ыза көбіне физикалық жүктеме арқылы жақсы басылады. Кез келген жұмысты істеп кету немесе баспалдақпен түсіп-шығу немесе жаттығулар жасау, ештеңе ойға келмесе 50 мәрте отырып-тұруға да болады. Бұл жағдайды айтарлықтай жеңілдетеді.

Негізі дені сау адам өз эмоциясын басқара алады. Әрине, адам ашуланып тұрған кезде оның іші қайнап жатады, оны сыртқа шығармай ұстау ауыр, жеңілі айқайлау немесе зат лақтыру, сындыру. Ең маңыздысы дәл уақытында өзіңізге «алдымда тұрған осы жан осындай ашуланатында қаншалықты кінәлі» деген сұрақты қойып үлгеріңіз. Егер адам өз эмоциясын дұрыс сараптап үйренсе, онда ашуын оңай тежей алады.

Ішіңде қанша ашу-ыза болса да сыртқа шығармаудың бар амалын жасау керек. Тіліңді тісте, тістеніп ал, жқдырығыңды түйіп тұр, әйтеуір іштегі ашу сыртқа шықпасын.


Егер балалар ашуын көрсетсе...

Баланың ашушаңдығы көбіне ақпараттық ағынның көптігінен болады. Ол баланың жүйкесін шектен тыс белсенді етеді. Бала жүйкесі мол ақпаратты игере алмайды, ал оны түсіндіріп, талдап, үйрететін ата-ананың өзі қазіргі кезде баладан бетер мазасыз.

Қазір көптеген жанұяларда дағдарыс байқалады және ұрпақтар арасындағы үлкен айырмашылықты көруге болады. Ата-аналардың балаға толық көңіл бөлуге уақыты жоқ. Жұмыстан шаршап келіп, үйдің тіршілігіне немесе анда-мұнда қыдыруға кетеді. Қазіргі балалар өте белсенді, маторикасы жақсы дамыған, эмоционалды, олар гаджеттерді тез-ақ игеріп алады. Көптеген ойындар мен видеолар қолжетімді. Бала атыс-шабыс ойындарын ойнап, көп нәрсені күшпен, ақшамен шешуге болады деп түсіне бастайды. Уақытының көп бөлігін телефон, компьютер алдында өткізетінн балалар ата-анасынан алшақтайды. Бала ата-анасына еліктеуді, үлгі тұтуды біртіндеп тоқтатады.

Сондықтан егер бала ашуланшақ болса, ең алдымен әрбір ата-ана өз әрекеттеріне мән беріп қарауы керек.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.