Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған.
ERNUR.KZ. ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Takorp" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады tengrinews.kz.
Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100 пайыз кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген.
"Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе ("VIP-1" – "VIP-6") қолданылған. Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған", - делінген хабарламада.
Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген.
"Нәтижесінде "Takorp" пирамидасына 117 қатысушы тартылылған. Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды".
Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылғаны айтылды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.
Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.