Түркістанда «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзивті спорт фестивалі өтті

0
111

Жарысқа барлығы 90 бала, 30 команда қатысты.


Түркістанда «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзивті спорт фестивалі өтті

Түркістанда балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» атты инклюзивті спорт фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде «Тең мүмкіндіктер» атты балалалар инклюзивті спорт фестивалі өтті. Фестивальде үшінші және төртінші, бесінші және алтыншы, жетінші және сегізінші сыныпқа баратын, ерекше қажеттіліктері балалар жарыс жолына түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Бұл шараның мақсаты – әлеуметтік белсенділікті, сенім мен өзара сыластықты арттыру, достық атмосферасында мақсаттарға жетуге біріктіру және оқыту.


25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында өтіп жатқан іс-шара облыстық партия филиалының жанындағы «Әйелдер қанатының» бастамасымен өткізілді. Жарысқа барлығы 90 бала, 30 команда қатысты. Инклюзивті спорт фестиваліне қатысушы балаларды қолдау үшін 400-ге жуық жанкүйер келді.


Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, спорттық жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерді Республика күні мерекесімен құттықтады.


– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Мүгедектігі бар адамдардың спортпен айналысуына және өз әлеуетін жүзеге асыруына барлық жағдай жасалуы керек» деп атап өткен болатын. Бұл фестиваль – тек спорттық жарыс емес, бұл – бірлік пен түсіністіктің, табандылық пен достықтың мерекесі. Мұнда әрбір қатысушы өз ерік-жігерін, қайсарлығын, өмірге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Бүгін сіздердің жетістіктеріңіз арқылы біз нағыз тең мүмкіндіктер қоғамының қалыптасып келе жатқанын көріп отырмыз. Сіздер өз үлгілеріңізбен көптеген жандарға шабыт, сенім және жігер сыйладыңыздар. Сіздердің жеңістеріңіз – барлығымыз үшін мақтаныш, – деген Ертай Кенжебекұлы осы шараны ұйымдастырған «Аманат» партиясы мен партияның облыстық «Әйелдер қанатына» алғысын білдірді.


Жарыс түрлері бойынша жеңімпаз деп танылған барлық командаларға дипломдар мен кубоктарды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен партияның облыстық филиалы атқарушы төрағасының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева табыстады. Жарыс қорытындысымен әр санат бойынша жеңімпаз деп танылған жекелеген ойыншылар медалдармен және дипломдармен марапатталды.

Айта кетсек, фестивальде оқушылар үш спорт түрі – бочча, жеңіл атлетика және көңілді старттар бойынша сайысты. Барлық жарыс кезеңдері қатысушылардың жеке ерекшеліктеріне бейімделіп өткізілді
Бөлісу