Өтірікті жиі айтатын еркектердің көбі отбасылы жандар.
Кейбір ер азаматтар өтірік айтуға үйреніп қалғаны соншалық қалай айтып қалғанын өзі де байқамай қалады. Психолог мамандардың пікірінше өтірікті жиі айтатын еркектердің көбі отбасылы жандар екен.
Егер жолдасыңыздың өтірік айтқанын байқасаңыз, онда бірінші кезекте сабырға келіңіз. Кез келген жанжал жағдайды ушықтыра түсуі мүмкін. Алдымен бәрін ой елегінен өткізіп, жолдасыңыздың өтірікті қаншалықты жиі айтатынын байқаңыз және тек сізге ғана айта ма, оны да тексеріп көріңіз.
Күйеуіңіз бәріне өтірік айтуы мүмкін. Тіпті жағдайдың қиындығын сезіне тұра ештеңе істей алмайды. Мұндай жағдайда көбіне психотерапевт маман жақсы көмектеседі.
Сондай-ақ өтірікті тек сізге ғана айтуы мүмкін. Әрине мұның себебі болатыны айқын. Мысалы, әйелдің шектен тыс қызғанышы мен бақылауы. Жағдайды өзгерту үшін алдымен өзіңізден бастаған жөн.
Ер азаматтың өтірікті жиі айтуының негізгі себептері
Отбасының тыныштығын сақтау үшін
Кейде шын жауабын айта алмайтын сұрақтар болады. Егер шынымды айтсам әйелімді өкпелетіп аламын немесе жанжал шығаруы мүмкін деген ой туады. Мәселен, киген киіміңізді жарасады немесе сен толық емессің деген сөздерді өтірік айтуы мүмкін. Мұндай өтірікпен күресу оңай. Ол үшін жолдасыңызға сынды адекватты, яғни жанжалсыз, ренішсіз қабылдай алатыныңызды түсіндірсеңіз жеткілікті.
Ол өз болмысынан жақсы көрінгісі келеді
Мысалы ол өзін табысты, жақсы жан етіп көрсетеді. Бұл жағдай көбіне әйелдің ер азаматын өзгелермен жиі салыстыруынан туындайды. Егер салыстыруды доғарып, барын бағалай білсеңіз, өтірік айту тоқтайды.
Еркіндікті шектеу
Ер азамат әйелімен жанжалдаспау үшін достарымен қалай демалғаныны туралы шындығын айта бермейді. Құлағының тыныштығы үшін дұрысы өтірік айта салу болып көрінеді. Жолдасыңызды және оның жеке шекарасын құрметтей біліңіз. Еркектің еркіндігін шектен тыс шектей беруге болмайды. Жолдастарымен еркін отырып, кездесіп келуге мүмкіндік беріңіз. Сол кезде сіз де өтіріктің құрбаны болмайсыз.
Еркектің өтірік айтқанын қалай білуге болады? Белгілері
Егер жолдасыңыз өтірік айтып жүр деп ойлап, бірақ қалай дәлелдейтініңізді білмейсіз бе? Онда өте мұқият болыңыз және қисынды ойланыңыз. Шын мәнісінде оны анықтау қиын емес.
Ол болған жағдайды жиі шатастырады. Әңгімелерінің кейбір тұстары бір-біріне қарама-қайшы келіп жатады.
Әңгіме айтқанда ернін жиі тістелеу, қолын қусыру – бұл да өтірік айтудың белгісі.
Әңгімені созбақтап кетеді. Еркектер өтірікті көбіне аяқ астынан айтады.
Сол себепті де көбіне сөздерді созып, айтатын өтірігін ойластырып алу үшін арасында үзіп-үзіп айтады. Ал өтірікті алдын ала дайындап алған адам, оны жылдам-жылдам айтып, бастырмалатып кетеді.
Тұйықталу. Ақша сұрағанда немесе достары жайында ашылып бұрынғыдай ештеңе айтпайды.
Бар нәрсеге өзіңізді кінәлап шығады. Жолдасыңыздың өтірік айтқанының тағы бір белгісі өзіңізді айыптауы.
Бұл белгілер арқылы жолдасыңыздың өтірік айтқан айтпағанын анықтай аласыз. Бірақ бір ғана белгі арқылы өтірік айтты деу дұрыс емес. Ол үшін бірнеше белгі қатар сәйкес келуі керек. Жолдасыңыздың шынымен-ақ жұмысында мәселесі болуы мүмкін. Сондықтан бірден ренжімей біраз бақылап көргеніңіз жөн.
Күйеуіңіздің өтірік айтқанын дәлелдеген кезіңізде жоғарыда айтып кеткендей жанжал шығарудан аулақ болыңыз. Жанжал – мәселенің алдындағы дәрменсіздік белгісі. Сондықтан ұрыс шығарып ештеңеге жете алмайсыз. Бастысы сабырлы түрде ашық әңгіме ету.
Дайындаған: Э.Базарбаева,