Күйеуден таяқ жеу: ӘЙЕЛ тілінен таба ма әлде ЕРКЕКТІҢ жүйкесі бұзылған ба?

0
5 943

Жалпы, отбасындағы ұрыс-керіске, мұның соңы күйеуінің әйеліне жұдырық ала жүгіруіне қандай себептердің бастамашы болатынын білгіңіз келе ме?


Күйеуден таяқ жеу: ӘЙЕЛ тілінен таба ма әлде ЕРКЕКТІҢ жүйкесі бұзылған ба?

Дінімізде де, қоғамда да әйелге құрмет көрсету, қорғау туралы айтылып та жүр, міндеттеледі де. Бірақ, өкініштісі сол, кейбір әйелдеріміз отбасылық өмірде өз күйеуінен қорлық көріп, жұдырығын иіскеп, соған қарамастан, ортадағы балалары үшін осының барлығына амалсыздан төзіп жүр.

«Әйел тілінен табады» деген сөз ел арасында кеңінен таралып кетсе де, «қой аузынан шөп алмас», «сен тимесең, мен тиме» деп жүретін момын әйелдердің өзі зұлымдыққа бейім, ашушаң ерінің тепкісін көріп жүргенін де айтпай кетпесек болмас.


Жалпы, отбасындағы ұрыс-керіске, мұның соңы күйеуінің әйеліне жұдырық ала жүгіруіне қандай себептердің бастамашы болатынын білгіңіз келе ме?


Күйеу өзгеру керек пе, немесе әйел ме? Әйел неліктен күйеуінің айтқанынан шықпай, аузынан шыққан әрбір сөзін қағып алып, соны орындауға тырысса да неліктен бұл жағдай бәсеңдемейді? Анықтап көрейік...



Қандай күйеу әйелге қол көтереді?

Әлбетте, себепсіз салдар болмайды. Өмірдегі жартым деп таңдап алған жарына соншалықты аяусыз, мейірімсіз болуға қандай күш итермелеуі мүмкін?

  • Отбасында тәрбие жүргізудің көзін күш қолдану арқылы жүзеге асырамын, онсыз мүмкін емес деп ойлайтын адамдар. Олардың бала күнінде көрген тәрбиесі солай. Әкесі анасына қол көтерген, ата-анасы балаларды қорқытып-үркіту арқылы өзінің сызған шеңберінен шығып кетпеуін қадағалаған ата-аналардың балалары есейгенде еріксіз осыны қайталайды. Өйткені, бала кезінен алған жарақаты асқынады, яғни, бала жүрегіндегі жараны осы жолмен «емдеп» алудан басқа жолды көрмейді.
  • Сонымен қатар, бала отбасында өзімен тетелес өсіп келе жатқан аға-інілерімен, көшеде өзімен құрдас балалармен жаға ұстасып, текетіреспен ұлғайған болуы мүмкін.
  • Тұлға болып қалыптаса алмаған, яғни, өмірдегі қиындықтарын «жеңілдету» үшін, тағдырдан алған соққысын жұбайына беретін адамдар.
  • Мәселемен бетпе-бет келуден қашатындар. Олар отбасында болсын, жеке өмірінде болсын, бір мәселеге тап болғанда, оны шешуді емес, сол мәселені бастаған адамның (ол өзінің әйелі болуы мүмкін) аузын күшпен жабуды дұрыс санайтындар.
  • Рухани жұтаң, жүйкесі дұрыс дамымаған адамдар.



Әйелдің де кінәсі бар ма?

Кейбір жағдайларда күйеуінің әйелін төмпештеуіне екі тарап та айыпты болады. Бұл жерде ер мен әйелдің арасындағы айырмашылық айқындала түседі. Яғни, өзіңізге де мәлім, әйелдің болмысы- сезімге берілгіш, ақылдан гөрі, түйсігіне сенетін халық. Айтпақ болғаным да осы. Әйелдердің кейбірі бір сөзді бастаса «мыңғыр-мыңғыры» тоқтамай, үтір-нүктені ұмытып кетеді. Ерлер әдетте «иә» немесе «жоқ» деген сөзбен барлығына нүкте қойып, мәселені тоқтатуға тырысады. Ал, әйелді мұндай «қысқа жауап» қанағаттандырмайды. Егер де ері әйелінің бірер талабына «жарайды» деген жағдайда да әйел «менен тезірек құтылу үшін «иә» деген жауапты айта салдың» деп тағы да сайрауын жалғастыруы мүмкін. Иә деген жауабы да жақпаған еркек қолын іске қосады. Эмоциясын басқара алмай жатқан әйелді осылайша «сабасына» түсірудің жолын қарастырады.

«Күйеуімнің бауырларының ешқайсысы әйелдеріне қол көтермейді ғой» деп наразы болатын әйелдер ұғып алуы тиіс. Өйткені, әйелдің ойында «мені ұру күйеуімнің «жеңісі»» деген реніш қалыптасып қалғандықтан, ол жағдай жалғаса береді. Сондықтан, мұндай жағдайда әйел тек қана өзін өзгертуге тырысқаны жөн.

Әкесі анасын ұрғанын көріп өскен қыз балада да осындай жағдай болады. Өздері байқамайды, бірақ, таңдауы осындай еркектерге түседі екен.


"Үстемдікті қолдан бермеймін!"

Жүрегіне махаббат дастанын жазып жатқан жас келіншекті тұрмыстық өмірдің ең қатты режимінде тәрбиелеуге кірісетін күйеулер де кездеседі. Жаңа күйеудің мұндай жағдайға баруына өз қорқынышы себеп болады екен. Айналасындағы отбасылы еркектердің отбасы билігін әйелдің қолына өткізіп қойғанын көріп, олар өздерін олар секілді көргісі келмейді. «Әйелді бастан» дегенді олар тікелей мағынасында түсініп, «Мен өз отбасымда орнымды жоғалтып алмауым керек. Пәленше жасаған қателіктерден сақ болуым керек» деген ойды қалыптастырады.

Егер пешенеңізге осындай күйеу жазылса, оның нәзік нүктесіне тиіп кетуден сақтаныңыз. Өзіңіз қалаған нәрсені немесе айтқыңыз келген сөзді оның аузынан шығарыңыз.

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:

Күйеуінің аяғын жуатын әйел қандай тәрбие бере алады?

Күйеуінің бәле-жаладан аман болғанын тілейтін келін СӘЛЕМ САЛАДЫ