Cыңарыңыздың отбасылық өмірде қол ұстасып өтуге дайын немесе мүлдем сай келмейтіндігін анықтайық. Егер отбасылы болсаңыз, екінші жартыңыздың мінез-құлқына қарай бейімделуіңіз маңызды.
Отбасылы адамдардың барлығы да өмірлік серігіне сай болуға, оның көңілін табуға ұмтылады. Әсіресе, отбасын құруға қамданып жүрген жастар ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынасты дұрыс орнату үшін баса назар аударуы тиіс жағдайлар қайсы екендігін аңғара алуы тиіс.
Сіздер үшін дайындаған төмендегі тест отбасын құрған немесе құруға дайын екі адамның бір-біріне қаншалықты сай және дүниетанымдарының қаншалықты ұқсас екендігін білуге көмектеседі.
Ол үшін төмендегі тест сұрақтарына тиісінше, шынайы жауап беруіңіз міндетті. Әрбір «Иә» жауабы үшін 5 ұпайдан есептейсіз, «Жоқ» жауабы үшін ұпай жоқ.
Ендеше, сыңарыңыздың отбасылық өмірде қол ұстасып өтуге дайын немесе мүлдем сай келмейтіндігін анықтайық. Егер отбасылы болсаңыз, екінші жартыңыздың мінез-құлқына қарай бейімделуіңіз маңызды.
1. Ер мен әйелдің міндеттері әр түрлі болғанымен, демалыс уақыты бірдей болуы керек
Иә - 5
Жоқ - 0
2. Отбасын құрудағы негізгі мақсат - оның беріктігі мен бала сүю және оны тәрбиелеу
Иә - 5
Жоқ - 0
3. Перзенттерімізді еркін ойлауға және дербес өмір сүруге жастайынан үйрету қажет
Иә - 5
Жоқ - 0
4. Ерлі-зайыпты бір-біріне барлық сырын айтуға міндетті емес, әрқайсысының жеке сырлары болуы тиіс
Иә - 5
Жоқ - 0
5. Балалар әрқашан ата-анасының пікіріне құлақ асып, айтқанын орындауы міндет
Иә - 5
Жоқ - 0
6. Менің балалық шағымда ата-анам өте тату өмір сүрді, ұрыс-керіссіз, алаңсыз балалық шағым болды
Иә - 5
Жоқ - 0
7. Отбасылы болған ер адам немесе әйел өзінің бұрынғы таныстарымен байланысты үзуі тиіс
Иә - 5
Жоқ - 0
8. Қонаққа баруды, үйге қонақ шақыруды жаным сүйеді. Мен думанды ортаны жақсы көремін
Иә - 5
Жоқ - 0
9. Ата-аналар балаларының «өміріне» көп араласа бермеуі керек
Иә - 5
Жоқ - 0
10. Ерлі-зайыпты бір-бірінің не айтпақ болғанын әңгімесін бастағаннан-ақ түсіне алуы міндетті
Иә - 5
Жоқ - 0
11. Балалар ата-ананың оларды қалай асырап отырғанын білуі керек, ақша табудың да оңай жолмен келмейтінін ұғып өсуі маңызды
Иә - 5
Жоқ - 0
12. Ерлі-зайыптылардың отбасылық достарынан бөлек, жеке араласатын достары да болуы шарт
Иә - 5
Жоқ - 0
13. Ата-ана балалар үшін ең маңызды адам, идеал болуы міндетті
Иә - 5
Жоқ - 0
14. Отбасын құру үшін есеп керек пе?
Иә - 5
Жоқ - 0
15. Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай? (ерлер үшін сұрақ), әкеңізбен қарым-қатынасыңыз ойдағыдай ма? (әйелдер үшін)
Иә - 5
Жоқ - 0
16. Балаға ұдайы болмаса да, жиі қаталдық таныту керек, өйткені, есейген шағында барлығына дайын болады, қиындыққа қарсы тұра алады
Иә - 5
Жоқ - 0
Нәтижесі:
25 ұпай және одан төмен болса бір-біріңізді жақсы түсінесіздер. Керемет! Сіздер бір-біріңізге лайықты жұпсыздар.
30-35 ұпай. Араларыңызда кішігірім түсінішпеушіліктердің туындап тұруы сіздер үшін қалыпты жағдайға айналған. Бір-біріңізді тыңдап, қолдау көрсетіп жүріңіздер.
60 ұпайдан жоғары болса, сіздер екі түрлі көзқарастағы адамсыздар. Өмір және отбасы төңірегінде өрбитін түсініктеріңіз әр түрлі. Бір-біріңізге сабырлы болу талап етіледі.
Г. Жұмаділдаева
Оқи отырыңыз:
Өміріңізді ТЫНЫШТЫҚта өткізуді қаласаңыз 7 ШАРТты орындаңыз!