Сұрамаған адамға КЕҢЕС беруден АУЛАҚ болыңыз

0
872

Сұрамаса да ақыл кеңесті үйіп, төгу адамның жеке шекарасын бұзу, тіпті психологиялық күш көрсетудің белгісі.


Сұрамаған адамға КЕҢЕС беруден АУЛАҚ болыңыз

Кейде қасыңдағы адамның сені мүлде естімейтіні бар немесе өтініш-тілегіңнен бас тартады, тіпті әр сөзді жанына жақын қабылдап, ауыр алып қалатын да кездер болады. Бұл сіздің сөйлесудің тиімсіз тәсілін таңдағаныңызды білдіреді. Мұндай жағдайды мәжбүрлеусіз немесе экологиялық амал шеше алады.


Мәжбүрсіз қарым-қатынас деген не?

Мәжбүрсіз қарым-қатынас – өз ойыңды дұрыс жеткізіп, өзіңізге керек нәрсені ала білу. Мәжбүрсіз қарым-қатынас жасауды кез келген жанға, әріптес, балалар, серіктес, дос,тіпті ата-анаға да сынып көріңіз. Бұл тәсіл өте тиімді. Ол эмпатияны дамытуға, ұрыс-жанжалдан аулақ болуға көмектеседі.


Мәжбүрсіз қарым-қатынасты іс жүзінде көрсетудің тәсілдері

«Мен» дегенді бірінші айтыңыз

Біз көбіне «Өмірі осылай теледидар алдынан шықпайсың» немесе «Сен тағы кешіктің» деген сөздермен қасымыздағы жанды кінәлі етеміз. Ал өзін кінәлі сезіну ешкімге де ұнамайтыны белгілі. Сондықтан сөзіңізге жауап ретінде ол адам өзін қорғап, ашуын көрсетуі мүмкін. Мұның соңы дегеніңіздің болмағаны былай тұрсын, ұрыспен, ренішпен аяқталатыны сөзсіз. Ендеше өзіңіз, сезіміңіз туралы көбірек айтыңыз және сөзді «сен, саған» деп емес «мен, маған» деп бастаңыз. Мысалы, «Мен ренжіп қалам, келесіде қайталанып, осылай істей беретін болсаң» немесе «мен кешіккенді ұнатпаймын, бар жоспарым өзгеріп кетеді», деп бастау керек.


Бағалау жасамауға тырысу

Бағалау, бұл біздің эмоциямыздың көрінісі. Сондықтан сөзді мынадай тұстан бастамаған дұрыс:

  • «Біздің мына көршілер ұятсыз екен. Түннің бір уақытына дейін улап-шулап жатады».
  • «Менің балам тым ерке, жалқау. Мені адам орнына санамайды. Сабақ оқығысы келмейді немесе үй тірлігіне көмектеспейді.

Яғни, алдымен істің мәнісін анықтап, қажеттілігін білу керек. Мәселен, бала тыңдамайтын тәлазар болса, ол сол ісімен өзіне назар аудартқысы келуі мүмкін немесе біреуге деген ренішін көрсетіп жүр. Ал, көрші түннің бір уақытында музыка қосып күні бойғы шаршағанын басатын болар және онысының көршілерге жағымсыз әсер етіп жатқанын жатқанын білмейтін шығар. Егер осылай ойлап, іс қылсаңыз, онда келісімге келу, мәселені оңынан шешу жеңіл болады.


Әмір етіп, бұйрық беруден аулақ болыңыз

«Ыдысты жу», «клиентке хабарлас», «музыканы өшір» деген сынды сөздер бұйрық секілді естіледі. Бұл көп адамға ұнамайды. Сол себепті қарсылық білдіріп, қырсығуы, өтінішті орындамауы немесе қатты жауап беруі мүмкін. Ең дұрысы жұмсартып сөйлеп, сыйластық таныту. Бұйыра сөйлеудің орнына өтініш жаса немесе ұсыну. Мысалы, «бүгін клиентке хабарласып, сұрақты айқындап ала аласың ба?», «сен ыдыстарды жылдам жуып таста, содан кейін отырып демаламыз», «өтініш, музыканы жай қоясың ба?».


Өзі өтінбесе, сұрама кеңес бермеген дұрыс

Сұрамаса да ақыл кеңесті үйіп, төгу адамның жеке шекарасын бұзу, тіпті психологиялық күш көрсетудің бір бөлігі. Сондықтан адам өзі кеңес сұрағанға дейін күтіп, тек содан кейін ғана өз ойыңызды қосып, кеңесіңізді берген абзал. Соның өзінде тәжірибем бар деп басымдық танытпаған дұрыс. Егер адамғы кеңес қажет болып тұрғанын көріп және ол кеңестің кішкене болса да көмегі тиетініне көзіңіз жетсе ғана жөн-жолын айтыңыз. Мысалы, «менде де осы секілді жағдай болған, керек десең сол кезде не істегенімді, жағдайдан қалай шыққанымды айтайын».


Сын айтқанда абай болу

Негізі сын естігенді көп адам көтере алмайды. Сондықтан, мейлі ол досыңыз, жақыныңыз, жолдасыңыз, тіпті балаларыңыз болса да сынап айтқан сөзіңізге абай болғаныңыз дұрыс. Әрине, кейде сын айтпасаң болмайтын жағдайлар кездеседі. Ондай кезде қарсы қалыпта әрекет ету керек. Яғни, адамның істеген әрекеттерінің ұнайтын жағын тізіп айтып, ұанамайтын тұсын, «осы жерді осылай түзетіп жіберсең тіпті жақсы», деп әдемі етіп жеткізе аласыз.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.