​Жалқау еркектің "жанын шығаруға" арналған 10 кеңес

0
7 102

Үйленгеннен кейінгі әйелінің шектен тыс қамқорлығы ер-азаматты жалқау етеді.


​Жалқау еркектің

Жалқаулықтың жас та, жыныс та таңдамайтыны белгілі. Сондықтан отбасындағы түрлі мәселелердің бір себебі де кейде осы жалқаулықтан болып жатады. Өйткені еріншек, жалқау адам пайдалы іске қол сілтей салады. Бұл жоғарыда айтып өткендей балада да, ер-азаматта немесе әйелде де болуы мүмкін. Алайда, бала мен әйел затының жалқаулығы өз алдына бөлек әңгіме.

Ал біз бүгінгі тақырыбымызды ер адамдардағы жалқаулыққа арнаймыз. Яғни, ештеңемен айналысқысы келмейтін, жарының айтқанын ұйықтап отырып тыңдайтын немесе нені болса да құлықсыз істейтін ер-азаматтар жайында. Олардағы жалқаулық себебі және еркекті «пысық» етудің психологтар ұсынған қызықты, ерекше кеңестері.


Ер азаматтың жалқау болуының негізгі бірнеше себептері бар: бала кезден қалыптасқан әдет, үйленгеннен кейінгі әйелінің шектен тыс қамқорлығы, еркелетуі, жұмыссыздық т.б.

Тек барлық жағдайды бірден болмаса да біртіндеп қалпына келтіруге болады. Сондықтан мына кеңестердің керегін жасап көріп, ер азаматыңыздың жалқаулықтан арылуына ықпал етіп көріңіз.


Қарым-қатынасты күшейтіңіз!

Жолдасыңызбен ешқандай, кекесін, сын, күңкіл, оның тарапына қарай ешқандай жаман сөз айтпай жылы сөйлесіп көріңіз. Өзіңіздің неден көңіліңіздің қалғанын және жолдасыңыздан не күтетініңізді нақты айтып отырыңыз. Себебі, ер адамдар тұспалдауды көп түсіне бермейді және ұнатпайды.


Жолдасыңыздан жиі көмек сұраңыз

Күйеуіңізге өз қажеттіліктеріңіз бен одан не күтетініңізді айтып түсіндірген соң, көмек сұраңыз. Жолдасыңыздың көмегі қажет деген істердің тізімін жасаңыз және көмектесуін бар әйелдік назыңызды салып өтінгеніңіз дұрыс. Жылы сөзбен наздана сұралған өтініштің, ұрысқа қарағанда пайдасы тиетіні сөзсіз.


Мәмілеге келіңіз

Көп шаруада ер-азамат әйелі сияқты жұмысты әдемі істей алмайды. Сондықтан жолдасыңызбен араңыздағы жұмыс істеу дәрежесіне түсіністік танытқан жөн. Яғни, ер-азаматтар бәрін әдемі, сәнді ете алмайды, ол жұмыс істеген жерде міндетті түрде бірдеңе шашылуы, төгілуі, құрал-саймандары қалып кету т.б жағдайлар кездесуі бек мүмкін. Сол себепті одан қатты күшті нәрсе күтпеңіз, майда-шүйде нәрсеге көз жұма қарап, мәмілеге келіп, сол нәрсеге ер азаматыңыздың көзқарасымен, түсіну дәрежесімен қарап көріңіз.


Жолдасыңызды бағалаңыз

Егер жалқау жолдасыңыз өздігінен бір нәрсе істеп қалса, онда оған кішкене де болса махабатыңызды көрсетіп, мақтап қойыңыз. Шамалы болса да көмектесу үшін талпынса, үлкен іс тындырғандай айтып, келесі істі бұдан да тезірек және әдемі етіп істейтінін айтыңыз. Істеген ісінен кемшілік іздемеңіз. Бұл шуды қоздырып, ұрысқа алып келеді.


Табандылық танытып, талапшыл болыңыз

Бірақ дауыс көтеріп, өктемдік танытпаңыз. Яғни өз айтқаныңыздан кері қайтпаңыз. Күйеуіңізге істетем деген ісіңізден, бәрібір істемейді деп бас тарта салмаңыз. Есіне сала отырып «сен соны істеп қойғанда дұрыс болар еді» деген секілді сөздерді зілсіз жиі қайталаңыз.


Жолдасыңыздың жолын таңдаңыз

Әркімнің туа бітті мінезі, сөзді қабылдау, тыңдау жолы әртүрлі. Ер-азаматтардың әйелге қарай икемделуі қиын. Сондықтан әйел заты күйеуінің өз тілінде сөйлесуі керек. Яғни жолдасыңызға қай кезде сөйлеп, қай кезде үнсіз қалу керек деген секілді.


Кедергі жасамаңыз

Егер жолдасыңыз сіз айтқан немесе өзі бір тірлікті бастаса, алайда дұрыс істемей жатқан болса, онда өзі көмек сұрағанға дейін тірлігіне кедергі жасамаңыз. Өз ісіне беріліп істеп көруіне мүмкіндік беріңіз.


Ешқашан тірлігін өзгемен салыстырмаңыз

Егер үйінің тірлігін, жалпы тіршілігін таптай етіп істеп тасайтын ер азаматты танитын болсаңыз, онда жолдасыңызбен салыстыра айтып қалып жүрмеңіз. Егер мұндайға жол берсеңіз, онда жолдасыңыздың жұмысқа құлшынысының артуы екіталай.


Күйеуіңіздің досы болуға тырысыңыз

Күйеуіңіз қандай да бір іс істегенде мүмкіндік болса жанынан табылуға тырысыңыз. Өз пікіріңізді, көзқарасыңызды қоса кетіңіз.


Жарыңызға деген сүйіспеншілігіңізді жоғалтпаңыз


Тұрмыс-тіршілік, бала-шаға деп жүріп кейде жарыңызға деген сүйіспеншілігіңізді азайтып алуыңыз мүмкін. Мұның өзі де жалқаулықтың бір себебі. Сондықтан мейлінше сүйіспеншілігіңізді азайтпауға тырысыңыз.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ


Сізге қызықты болуы мүмкін:


Өзіне КӨҢІЛ БӨЛМЕЙТІН ата-ана баласына ТЕЗ АШУЛАНАДЫ


Қыздарға анасының киімін киюге болмайды: негізгі 5 себеп