​Жапон тәсілі: ЕНЕ мен КЕЛІНді тату-тәтті ететін кеңес

0
191

Жапондық тәсіл ара-қатынасты біршама жеңілдетуге көмектеседі.


​Жапон тәсілі: ЕНЕ мен КЕЛІНді тату-тәтті ететін кеңес

Ене мен келіннің арасындағы келіспеушілік кез келген елде бар. Ол тұрған жерің мен ұлтыңа, түріңе қарамайды. Тіпті енеңізді жек көрмесеңіз де арада бір көзге көріне бермейтін шиеленіс туындайды. Кез келген уақытта күйеуіңіздің анасымен қарым-қатынаста мұқият болу керек. Араға сызат түсірмей, көңіл қалдырмай, бір-біріңізден шаршамай қарым-қатынасты жақсы етуге болатын, Жапон елінің мына бір кеңестерін қолданып көруді ұсынамыз. Бұл тәсіл ара-қатынасты біршама жеңілдетуге көмектеседі.


Жақсы әйел болып көрінуге тырыспаңыз

Бастапқы кезде кез келген келін барынша жақсы көрінуге, әдемі әсер қалдыруға тырысады. Алайда, жақсы келін болуға тырысқан сайын көп күш-қуатыңызды жұмсайсыз. Ал ол ішке жиналып, күйзеліске ұшыратады. Ал енеңіздің жаныңызда ұзақ болатынын ескерсеңіз, онда соған күш-қуатыңыз бен шыдамыңыздың да қаншалықты керек болатынын ойланыңыз. Егер өмір бойына жақсы келін, әйел болуды шешсеңіз, онда өз қажеттіліктеріңізді қайтпексіз? Сондықтан, жақсы болып көрінуге тырыспаңыз. Өзіңіздің бар болмысыңызбен сыйластығыңызды көрсетіңіз.


Орташа арақашықтықты ұстаныңыз

Арақашықтық психологиялық жағынан да физикалық жағынан да сақталуы керек. Үнемі енеңізбен бірге жүрудің керегі жоқ. Олай болса іштегі ашуды сыртқа шығара алмай, жиналып, бір күні жарыласыз. Қарым-қатынаста өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдап, соны ұстаныңыз. Мысалы, тек белгілі бір кезде ғана хабарласып тұруға келісіп алыңыз.


Жолдасыңызды делдал етіңіз

Қанша тырыссаңыз да ене мен келін арасындағы мәселелер бір күні алдыңыздан шығатыны анық. Мұндай кезде араға жолдасыңызды салыңыз. Сіздің айта алмағаныңызды жеткізіп берсін. Тек, қандай жағдай болмасын жолдасыңызға екі жақтың бірі деген таңдау қоймаңыз.


Көмек қолын ұсыныңыз

Ата-енеңіздің үйіне қонаққа барғанда, қоя берсін, көмек қажет емес деп айтуы мүмкін. Бірақ не істейін немесе мынаны мен істей салайын деп көмектесуге дайын тұрыңыз. Ия, кейбір енелер тамақ істегенде келінін араластырғысы келмейді және оның өзінің бір орнатып қойған ережелері болуы мүмкін. Бірақ, ыдыс жууға, шашылған жерді реттеп жіберуге көмектесуіңізге қарсылық білдіре қоймасы анық. Көмектесейін деген сөзді жымиып тұрып айтқанның өзі жеткілікті. Сондай-ақ, өзіңіз де енеңізден көмек сұрап қойыңыз. Менімен келісіп істейді, мен керек екенмін деп өзін жақсы сезініп қалады. Бұдан ара-қатынастарыңыз жақсара түсетіні анық.


Сұрақ қойыңыз

Егер енеңізбен не әңгіме айтарыңызды білмесеңіз, онда оның өткені, қайда жұмыс істеп, қандай келін болғаны, жолдасыңыздың қандай болғаны туралы сұраңыз. Егер фотоларын, қандай да бір естеліктерін көрсетсе, қарап шығыңыз. Бұл жолдасыңыздың отбасын жақсы тануға, ал енеңіздің сізге деген көзқарасының оң болуына әсерін тигізеді.

Сонымен қатар отбасындағы ішкі ережелер, тәртіп, салт-дәстүріне де қызығушылық танытып, сұрап алыңыз. Әрине, айтқанының барлығын істей бермесеңіз де кейбірі бала тәрбиесінде, үй тіршілігіне қажет болып қалуы мүмкін.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.