Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта өткен тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті.
Түркістан облысы, Арыс ауданында мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім бөліміне қарасты мектеп мұғалімдері арасында волейболдан Арыс ауданының спорт саласының дамуына зор үлес қосқан спорт шебері Исабеков Ардақты еске алу турнирі ұйымдастырылды.
Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосылу үшін халықтың тек білімін жетілдіріп қоймай, денсаулыққа да аса мән беру керектігін баса айтып өтеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі.
Осы мақсатта өткен тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мұғалімдер өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша №32 Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері жеңіс тұғырынан көрініп, 1-орынды жеңіп алды.