"Арыс қаласы түгелдей көшіріледі": Өмірзақ Шөкеев мәлімдеме жасады

0
1 810

Оқиғаға қатысты облыс әкімі тілшілерге сұхбат берді.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тілшілерге берген сұхбатында Арыстағы жарылыстан кейін қала шұғыл түрде толығымен көшірілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Әскери бөлімде жарылыс орын алғандығы жөнінде 9.20-да хабарлама келді. Төтенше жағдай жарияланды. Барлық аудандар мен жақын маңдағы елді мекендердің барлығы дерлік хабарландырылды. Қазір болып жатқан жайттар бойынша біз қаланы толығымен көшіруіміз керек екенін көріп отырмыз. Барлық бағыт бойынша колонналар қозғалады, адамдарды іріктейді, ұйымдастырылған лагерьлерге апарады. Барлық аудан әкімдері өз командаларымен лагерьлер құрып, келгендердің тізімін жасап, қонақүйге кімнің туысқандары бойынша кім екенін анықтап алуы тиіс. Әрбір лагерьді аудан әкімі басқарады", - деді облыс басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы әскери бөлімде жарылыс болғанған еді. Қала тұрғындары осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желі арқылы фото мен видеолар таратқан.