Бұл туралы Ордабасы аудандық орталық ауруханасының Бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев мәлімдеді.
Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шеккендер Ордбасы ауданы ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Арыстағы жаралыстан зардап шеккен 5 азамат Ордабасы аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жедел жәрдем қызметкерлерімен жеткізілген азаматтардың арасында 2 әскери азаматтың бірінің аяғы сынса, екіншісінің денесін күйік шалған.
Еске сала кетейік, Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалған. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылған болатын.