Арыстық ардагерлер Түркістан қаласының құрылысымен танысты

0
481

Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені».


Арыстық ардагерлер Түркістан қаласының құрылысымен танысты

Арыстық ардагерлер рухани астана - Түркістан қаласының құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қала бүгінде түгел түркінің орталығына айналып, дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті ардагерлер Түркі халықтарының рухани астанасы атанған Түркістан қаласына сапармен келіп, жаңарған қаланың құрылысымен танысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістансан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш ПрезидентімізЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та осы киелі топыраққа ат басын бұратынын білесіздер»,– деген болатын.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Мамытқызы «Түркістанды түлету қай жағынан алып қарағанда да теңдессіз, ұлы бастама. Рухани астанамызды дамытуға баршамыз жауаптымыз» дей келе киелі Түркістанға жолға шыққан еңбек ардагерлеріне сәт-сапар тіледі.