«Аудан тұрғындарына құқықтық құрмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

0
1 205

Дөңгелек үстелді ашып, сөз алған Арыс аудандық сотының төрағасы А.Ертаев адвокаттар және құқық қорғаушылар сотқа жүгінген жеке тұлғалардың арыз-шағымдарымен нақты танысып, өзіне жүктелген заң шеңберінде талап тілек беруі тиіс.


«Аудан тұрғындарына құқықтық құрмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасының «Оңтайлы орта» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары, прокуратура қызметкерлері, адвокаттар, құқық қорғаушылар, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді ашып, сөз алған Арыс аудандық сотының төрағасы А.Ертаев адвокаттар және құқық қорғаушылар сотқа жүгінген жеке тұлғалардың арыз-шағымдарымен нақты танысып, өзіне жүктелген заң шеңберінде талап тілек беруі тиіс. Сонымен қатар екі тарап арасындағы дау дамайларды сотқа жеткізбей партисипативтік немесе медиатор, билердің қатысуымен шешу жолдарын жандандыруды атап өтті.

«Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың басында Жоғарғы Соттың төрағасы «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасын енгізді. Соның басты бір бағыты - «Оңтайлы орта». Бағдарламаның басты мақсаты тұрғындардың құқықтық дағдыларын жетілдіру, азаматтық іс жүргізуде білікті заң көмегін көрсету жүйесінің тиімділігін арттыру, құқықты сақтандыру жүйесін дамыту және тараптар арасында келіспеушіліктерді татуластыру тәртібімен шешу жолдарын қарастыру», - деді баяндамамен сөз алған Арыс аудандық сотының судьясы Г.Ерназарова.

Іс-шараға қатысушылар талқыланған тақырып аясында пікір алмасып, сотқа дейінгі тәртіпте дауды шешу мәселелері бойынша сапалы кеңес беруді қамтамасыз ететін адвокаттар, медиаторлар бірлесіп жұмыс атқаруы қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды.