Аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары мемлекеттен көмек сұрайды

0
2 632

Жиынға қатысқандар осы саладағы проблемаларды да айтып өтті. Соның ең бастысы - облысымызда дамуында кінәраты бар балаларға арналған мемлекеттік оңалту орталығы жоқ.


Аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары мемлекеттен көмек сұрайды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 2-сәуір бүкіл әлемде аутизм жайлы хабарлау күніне арналған шара өтті. Ол демеушілер мен ата-аналардың қолдауымен ұйымдастырылды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға қатысқанда осы саладағы проблемаларды да айтып өтті. Соның ең бастысы - облысымызда дамуында кінәраты бар балаларға арналған мемлекеттік оңалту орталығы жоқ.

«Қаламызда жеке меншік 5 орталық бар. Барлық ата-ана балаларын жеке клиникаларға апаруға жағдайы келе бермейді. Сол себепті бізге мемлекеттік орталық қажет. Иппотерапия, акватерапия осы секілді тағы бірнеше терапияға көптеген қаржы кетеді. Аутист балаларға психолог, логопед, дефектолог көмегі қажет. Біз тегін ем ала алмаймыз. Сол себепті мемлекет тарапынан оңалту орталығы ашылса бізге үлкен көмек болар еді»,-дейді Мәдина есімді шараны ұйымдастырушы ата-ананың бірі.

Аутизмге шалдыққан балалардың күтімі мен ем-домына еріктілер мен демеушілер көмектеседі.

Бүкіл әлемге аутизм жайлы хабар тарату 2007 жылы 18-желтоқсанда БҰҰ-ның бас ассемблеясында бекітілді. Сол кезден бастап 2-сәуір күні мамандандырылған мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар осы дерт жайлы хабарлау іс-шараларын өткізеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек бұл дерт қыз балаларға қарағанда ұлдар да 5 есе жиі кездеседі. Осы себептен аутизм белгісі ретінде көк түс таңдалған. Осы күні әлемге танымал ғимараттар аутизм дертіне шалдыққандарды қолдау мақсатында көк түспен жанады. Шара соңында оқушылар сарайы ауласында балалар әуеге көк шар ұшырды.