Азат елдің ұландары өнерлерін паш етті

0
1 359

Іс-шара шымылдығы белгілі күйші Бөрі Исаның «Желтоқсан» атты күйімен түрілді.


Азат елдің ұландары өнерлерін паш етті

Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы елді мекендердің бірінде тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай мерекелік іс-шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісай ауданы, Ж. Ералиев ауыл округі «Арай» мәдениет үйінде Сәкен Сейфуллин атындағы №52 жалпы орта мектебінің ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Жиналған қауымды Ж. Ералиев ауыл округі әкімінің орынбасары Бағдат Оспанов еліміздің Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесімен құттықтап, бірқатар ұлағатты ұстаздарға Алғыс хат табыс етті.
Іс-шара шымылдығы белгілі күйші Бөрі Исаның «Желтоқсан» атты күйімен түрілді. Шараға округке қарасты 6 білім ұясының өнерпаз ұжымдары атсалысты. Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллин атындағы №52 жалпы орта мектебінің өнерпаздар тобының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Мерекелік концертте жиналған қауым түрлі ұлт өкілдерінің өнерлерін де тамашалады.