Экология вице-министрі түркістандықтармен кездесті

0
430

Түркістан облысындағы экологиялық жағдай тұрақты.


Экология вице-министрі түркістандықтармен кездесті

Экология вице-министрі түркістандықтармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесуде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев экология министрлігі жетекшілік ететін салалардың дамуы туралы айтып берді.


Түркістан облысындағы экологиялық жағдай тұрақты.


Ағымдағы жылдың 6 айында, облыста зиянды заттар шығарынды-ларының нақты көлемі 23,5 мың тоннаны құрады, бұған табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қол жеткізілді.


Түркістан облысы бойынша экологиялық мәселелерді шешу бойынша Жол картасында 21 іс-шара көзделген.


Бүгінгі таңда ғарыштық мониторинг арқылы, Түркістан облысы аумағында рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 19 объект анықталды, оның ішінде 1 объект (5%) жойылды.


Өңірде барлық қалалар мен аудан-дарда бөлек жинау енгізілді, сондай-ақ /ТБО-ны/ ҚТҚ-ны қолмен сұрыптау жүзеге асырылуда.


Өңірде коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды жүзеге асыратын, қалдықтарды (пластмасса, полиэтилен, шыны сынықтары, түсті, қара металдар, картон, қағаз, макулатура қалдықтары) бөлек жинаумен, сұрыптаумен айналысатын 17 кәсіпорын жұмыс істейді.


ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес облыстың барлық аудандық және қалалық әкімдіктері коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама-ларды әзірлеп, бекітті.


Облыс әкімдігі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, облыстық мәслихатпен бекітілді. 3 жылдық іс-шаралар жоспарында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қоршаған ортаны жақсарту шаралары қарастырылған.


Орман шаруашылығы саласында Президенттің 2 млрд. ағаш отырғызу бастамасы аясында, биыл облыста 25,6 млн. дана ағаш 15,5 мың гектар жерге отырғызу жоспарлануда. Жыл басынан бері 2 мың гектар алқапқа 4,2 млн. дана ағаш егілді.


Сондай-ақ, кездесу бағдарламасында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары үшін жеке қабылдау және брифинг көзделген.