​Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі

0
3 131

Семинар-практикумды мектеп директоры Үдерханов Мейрамхан Назанұлы ашып беріп, іс-шараның бағдарламасымен таныстырып өтті.


​Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласы С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының негізінде «Өлкетану» базалық бағытын жүзеге асыру мақсатында «Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» тақырыбында қалалық семинар- практикум болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Семинар-практикумға Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Мухаметова Амина Келдібайқызы мен «Жас туристер, натуралистер, техниктер станциясының» директоры Қарынтаева Ұлжалғас Оңғарбайқызы және аудан мектептерінің Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жаратылыстану бағытындағы сабақ беріп жүрген мұғалімдер мен ғылыми жұмыспен айналысып жүрген оқушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Семинар-практикумды мектеп директоры Үдерханов Мейрамхан Назанұлы ашып беріп, іс-шараның бағдарламасымен таныстырып өтті. Онда түрлі тақырыптағы ғылыми жұмыстар қорғалып, көрмелермен таныстырылып, соңы оқушылардың қойған қойылымдары мен коцерттік бағдарламаға ұласты.