Героин тасыған тәжік азаматы 21 жылға сотталды

0
1 082

Үкім заңды күшіне енген жоқ.​


Героин тасыған тәжік азаматы 21 жылға сотталды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Героин тасыған тәжік азаматы 21 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тәжікстан республикасының азаматы Х. Түркістан облысы аумағында қолға түскен. Ол ҚР Мемлекеттік шекарасынан аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдамақ болған. Автокөлігін тексеру барысында тәртіп сақшылары 12 келі героин тапқан.

Тәжік елінен есірткі затын тасымалдап оңай тиын тапқысы келген ер адамға ҚР ҚК нің үш бірдей бабы бойынша айып тағылған. Сот тергеуі барысында Тәжікстан республикасының азаматы Х-ның кінәсі толық дәлелденіп, 21 жылға сотталды.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты 28 қаңтар күні осындай үкім шығарды.

"Сотталған Тәжікстан республикасының азаматы Х. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 286 бабы 4-бөлігі, 297 бабы 3-бөлігі 3) тармағымен кінәлі деп танылды. Сотталған азамат жазасының алғашқы 4 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Қалған 17 жыл жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтейді,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.