Қазақстан–Қытай бірлескен бизнес форумы өтті

0
625

Экспортты дамыту бойынша екіжақты В2В форматында келіссөздер жүргізілді.


Қазақстан–Қытай бірлескен бизнес форумы өтті

Қытай Халық Республикасы Санжэ провинциясының басшылығы бастаған қытайлық бизнес өкілдерімен бірлескен бизнес форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қытай Халық Республикасы Санжэ провинциясының басшылығы бастаған қытайлық бизнес өкілдерімен бірлескен бизнес форум өтті. Аталған форумға Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастаған бір топ делегация өкілдері де қатысты.


Форум аясында Түркістан облысының делегациясымен инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша екіжақты В2В форматында келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар форум қатысушыларына өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдаулар мен инестициялық ахуалы жөніндегі арнайы бейнеролик таныстырылды.


Санжэ провинциясының томат, ноқат және тамшылатып суғару жүйелерін шығарушы компаниялары өңірге қызығушылық танытып, облыс кәсіпкерлерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді.