КЕНТАУ: Д.Қонаев даңғылы әуежай бағытына дейін жалғасады

0
96

Қала әкімі жауаптыларға құрылыстың сапалы, әрі уақытылы атқарылуын қадағалауды тапсырды.


КЕНТАУ: Д.Қонаев даңғылы әуежай бағытына дейін жалғасады

Д.Қонаев даңғылы әуежай бағытына дейін жалғасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Д.Қонаев даңғылындағы жөндеу жобасымен танысу мақсатында нысанды аралап, атқарылатын жұмыстардың барысын бақылады. Бүгінгі таңда көше Халықаралық әуежайға баратын айналма жолға қосу мақсатында құрылыс жұмыстары бастау алған.


Жоба негізінде жолдың ұзындығы 2,35 шақырымды, ені 16 метрді құрайды. Екі жақты жарық бағаналарын орнату, екі жақты аяқжол салу, сондай-ақ 4 жолақты, 1-санаттағы автомобиль жолын салу қарастырылған.


Қала әкімі жауаптыларға құрылыстың сапалы, әрі уақытылы атқарылуын қадағалауды тапсырды.

Бөлісу