​Кентауда бірінші болып ролик тебу алаңын ашқан жас кәсіпкер

0
1 675

Ол - жас кәсіпкер, қаланың экономикалық дамуына үлес қосып жүрген креативті кошбасшы, «Аймакс» жеке кәсіпкерлігінің (полиграфия, жарнама, көңіл көтеру саласындағы компания) директоры.


​Кентауда бірінші болып ролик тебу алаңын ашқан жас кәсіпкер

Түркістан облысындағы Кентау қаласында үздік жас кәсіпкерлер қатары молайып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Солардың бірі Ботабекова Айжан Айтжанқызы - жас кәсіпкер, қаланың экономикалық дамуына үлес қосып жүрген креативті кошбасшы, «Аймакс» жеке кәсіпкерлігінің (полиграфия, жарнама, көңіл көтеру саласындағы компания) директоры.
Айжан 2012 жылдың қазан айынан Кентау қаласында тегін таралатын Бег-Мак жарнама газетін шығарып келеді. Қала халқы үй, көлік, жұмыс, т.б. іздеген заттарын осы газеттен таба алады.

2013 жылы қалаға тағы бір жаңалық алып келген де осы Айжан болды. Ол өзінің «Позитив» салонын ашып, біртума заттар сатылатын, түрлі киім, керамика, темір, матадан жасалған кәдесыйлар, сурет пен жазу басатын және дизайнерлік қызметтер көрсететін Кентау қаласындағы бірден-бір салон болды.

Жас кәсіпкер бойжеткен мұнымен де шектеліп қалған жоқ, 2015 жылы тағы да Кентау қаласында алғашқы болып спорт саласы мен кәсіпкерлікті ұштастырып ролик тебу алаңын ашты.

Жастардың ризашылығына кенелген Айжан Айтжанқызының оңды істері билік назарынан да тыс қалмай, 2015 жылы "Ең Үздік Жас Кәсіпкер" номинациясы бойынша қала әкімінің мақтау қағазымен марапатталды. Айжан жуырда Астана қаласында Қазақстан ауыл әйелдерінің бірінші форумына қатысып, Түркістан облысының атынан ЖАС КӨШБАСШЫ номинациясын иеленді.