Көлікке газ баллонын орнату ҚАУІПТІ екенін білесіз бе?

0
1 475

«Газ орнатқан көліктер жарылып кетуі мүмкін!»...


Көлікке газ баллонын орнату ҚАУІПТІ екенін білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Соңғы жылдары Қазақстан азаматтары да газ баллон жабдықтары бар автокөліктерді жиі тіркей бастады. Егер көптеген автоәуесқойлар айтатын газ баллон қондырғысы туралы кейбір теріс пікірлер болмаса, бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін еді. Ол пікірлер жөнінде Сіз де біле жүріңіз.


Газ баллоны техникалық қызмет көрсетуді қиындатады

Көпшілігі ГБО деп атайтын құрылғы «көлікке техникалық қызмет көрсетуді қиындатады» деген қате пікір. Шын мәнінде, шеберлер жабдықты ешқандай бөлшекке кедергі келтірмейтіндей етіп орнатып береді.


Газ баллондары жарылып кетуі мүмкін

Мүмкін, әлеуметтік желіні жиі пайдаланатын жүргізушілер әргаз баллон орнатылған көліктердің жарылғаны туралы көптеген ақпарат оқыған шығар. Бұл шын мәнінде орын алатын апат, бірақ ГБО жабдығын тәжірибесіз маман немесе жүргізушінің өзі орнатқан жағдайларда ғана. Сондықтан, бұл жабдықты орнату және сенімді болу үшін нағыз шеберлердің қызметіне жүгіну қажет. Сізге басты құпияны ашатын болсақ, ГБО бензобактардан әлдеқайда қауіпсіз. Біріншіден, газ баллондары қалың металлдан жасалады. Екіншіден, оларда сақтандырғыш клапандар мен бекіткіш арматуралар болады. Үшіншіден, газ қоспасының тұтану температурасы бензинге қарағанда әлдеқайда жоғары, тиісінше жарылыс ықтималдығы да төмендейді.


Автомобиль салонындағы газ иісі

Кейбір автокөлік иелері көлік салонындағы газ иісінен қатты қорқады. Алайда, бұл иістің неге шығып жатқанына мән бермейді. Егер сіз салоннан газ иісін сезсеңіз, бір жерінде ақау бар деген сөз. Ондай кезде тезірек мамандарға жүгіну керек.


Газ баллоны ұзақ уақыт қызмет етпейді

Негізі, алғаш рет орнатылған газ баллон кемінде он ай, содан кейінгісі екі жыл қызмет көрсете алады. Егер, әрбір жүрілген 7,5 мың шақырым сайын ауа сүзгісін, 15 мың шақырымнан соң газ сүзгісін, 50 мың шақырым өткеннен кейін газ жолдары мен клапандардағы қосылыстардың резеңке тығыздағыштары ауыстырылып отырса, ГБО 150 мың шақырымға дейін қызмет етеді.


Қуатты жоғалту

Сөз соңында шын мәнінде рас пікір туралы айтуға тура келеді, бірақ бұл да кейбір көліктерде ғана кездеседі. Ол – «газ баллон орнатқаннан кейін, көлік қозғалтқышы қуатын 15 пайызға азайтады» деген кемшілік. Әрине, ол шындық, көліктің қуаты азаяды, алайда қаржылық тұрғыдан айтарлықтай үнем жасайсыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Орындық қабын таңдағанда мына КЕҢЕСТЕРДІ қолданыңыз


Көлік салонын КОНДИЦИОНЕРСІЗ-ақ салқындатуға болады