Жеті айлық Нұркен Елшібекке іштен туылған жоғарғы еріннің бітпеуі ( хейлосхизис) жақ-бет аймағының туа біткен даму ақауы, яғни бет дамуының ауыр кемістігі - “қоян жырық” диагнозы қойылған.
Төле би ауданы Көксәйек ауылының жеті айлық тұрғыны Нұркен Елшібек қазір анасымен Пучхон қаласында орналасқан «Сун-Чхун-Хьян» (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital) клиникасында. Кішкентай пациентке отаны аурухананың ең мықты пластикалық хирургы, профессор Ким Енг Пэ жасады. Жекеменшік клиника науқас баланың медициналық тексеруін, операциясы мен барлық шығындарды өз мойнына алған. Қайырымдылық шарасы СунЧонХян клиникасы (Оңтүстік Корея) басшылығы мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың арасында қол қойылған меморандум аясында жүзеге асты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жеті айлық Нұркен Елшібекке іштен туылған жоғарғы еріннің бітпеуі ( хейлосхизис) жақ-бет аймағының туа біткен даму ақауы, яғни бет дамуының ауыр кемістігі - “қоян жырық” диагнозы қойылған. Сәбидің анасы Нұрила Исаева баласына операцияны Кореяда жасауды отбасы тіпті армандай алмағанын айтады. Олардың тұңғыш қыздары дін-аман. Отбасы мұндай дертпен туылған Нұркенге отаны өзге елде тегін жасатуға мүмкіндік алғанын Алланың сыйы деп қабылдаған.
- Ұлым туғанда жақындарым бетіме баспады. Біз бұл жағдайы Алланың сыны деп қабылдадық. Ауыр бет ақауымен өмір сүруге үйренуге тура келді. Уақыт өте бұл баладан гөрі менің жаныма қатты батты. Мен ұлымды кеудеме қысып, жиі кешірім сұрайтын едім. Біздің тұқымымызда мұндай кесел болмаған. Аяғым ауыр кезде қатты тұмауратып, ұзақ емделуге тура келді. Кейін дәрігерлер баламның кеселіне осы әсер етуі мүмкін, деп болжады.
Бұл кесел тек бетте ғана емес, психологиялық тұрғыда жанымызды ауыртар жағдай. Оның демалуы ауырлап, емгенде сүттің көбі далаға ағып, шашалып қала береді. Іші кеуіп кетеді. Отырғызып еміп, түнімен тұншығып қалмасын деп қолда ұстайтынбыз. Елді шошытып алмайық деп, аузының жырығын көрсетпеуге тырысамыз. Көрген жұрт тітіркеніп, қашқақтайтын. Бізде мұндайды қабылдау қиын шығар. Алланың жазғаны болған соң, көнбеске амал жоқ.
Операцияны жасату үшін барлық жақтан сұрастыра бастадық. Көрші Өзбекстанда мұндай операция 200 мың теңге екен. Кейін өзімізде де мықты мамандар барын естіп, кезекке тұрдық. Отаны алты айдан кейін жасату керек болды. Осы кезде бізге Корея мамандарының қайырымдылық шарасы туралы айтты. Бірақ атамыз бірден бас тартты. «Бұл не деген батпан құйрық, олай болуы мүмкін емес» деді. Оның үстіне шетелге ешқашан шығып көрмегенбіз, тіл білмейтініміз тағы бар. Сонда аудандық аурухананың бас дәрігері Дәулет Мұсаев біздің жағдайдың облыстағы ең ауыр түрі екенін айтты.
Біз өте қарапайым отбасымыз. Мен мектепте сабақ берем, күйеуім қарапайым жұмысшы. Мұндай мүмкіндіктің бола бермейтінін түсініп, ұлымның бағы бар екен деп, жолға дайындалдық. Шетелге шығатын құжаттарды дайындай бастадық. Бізбен бірге Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының маманы баратынын естіп, көңіліміз орнына түсті. Бұл жерде бізді өте жылы қабылдады. Жанымызды ем алып жатқан әйелдер де баламды бөтен демеді. Операция бес сағатқа созылды. Ұлымды құшағыма алғанда ғана, барлық қиындық артта қалғандай сезіндім. Баламыздың тағдырына уайымдап, қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз. Мұндай мүмкіндік берген Аллаға мың шүкір. Енді өміріміз өзгеріп, жаңаша өмір сүретін боламыз, - деді Нұркеннің анасы Нұрила Исаева.
Оңтүстік Кореяда мұндай операцияның құны 10 мың АҚШ долларынан басталады және оны пластикалық хирургтар жүргізеді. Өңірімізде мұндай отаны балалар жақ-бет хирургтары жасайды.
"Сун-Чхун-Хьян" (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital) Университеті жанындағы Пучхон госпиталінің ең мықты пластикалық хирургі, профессор Ким Енг Пэнің айтуынша, әлемде осындай аурумен өмір бойы өмір сүретін адамдар бар. Корей профессоры біздің дәрігерлердің беделін, еңбекқорлығы мен талпынысын жоғары бағалайтынын айтып өтті.
Бұл кесел - туа біткен, тұқым қуалайтын ақау. Сондай -ақ, жүктіліктің алғашқы айларындаананың жұқпалы вирустық аурулармен ауыруы себеп болуы мүмкін. Жүкті әйелдерге көп препараттарды қабылдауға қатаң тиым салынатыны да содан.
“Қоян жырық”(хейлосхизис) – жоғарғы еріннің бітелуін білдіретін жақ-бет аймағының даму кемістігі. Бұл дертпен 0,04% нәрестелер туады, олардың арасында ұл балалар басым. Еріннің ыдырауы жүктіліктің 8-ші аптасына дейін, жақ-бет органдары дамыған кезде пайда болады. Бет жарықшақтары сирек оқшауланған ақаулар болып табылады, әрбір бесінші жағдайда олар туа біткен ауыр синдромдардың бір компоненті болып табылады. Бет саңылауларын түзетумен, бұзылған функцияларды қалпына келтірумен және туа біткен патологиясы бар пациенттерді оңалтумен жақ-бет хирургиясы, стоматология, логопедия, педиатрия саласындағы мамандар айналысады.
Мұндай кесел гендік деңгейде негізделген. Еріннің ыдырауын тудыратын tbx22-геннің мутациясы токсикозбен, стресстермен, антибиотиктермен, радиациялық немесе жұқпалы әсермен, есірткіні, алкогольді немесе болашақ ананың темекі шегумен тудыруы мүмкін. Жүктіліктің алғашқы 2 айында бұл факторлардың әсері әсіресе қауіпті. Қоян ерні дамуының тағы бір факторы – кеш (35-40 жастан кейін) босану. Ақауды қалыптастыруда жүкті әйелдің гинекологиялық және жалпыоматикалық патологиясы белгілі бір рөл атқарады. Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде ұрықты ультрадыбыстық зерттеу деректері бойынша қоян ерні бар баланың тууын анықтауға болады.
Егер мұндай ақау түзетілмесе, ол балада тұлғалық өзін-өзі бағалаудың төмендеуін тудыруы мүмкін. Емшектегі балаларда “қоян жырық” ему және жұтынудың бұзылуы болады. Оны түзету баланың тілі шыққанға дейін, яғни, 3 жасқа дейін жасалу керек. Одан кейін сөйлеу ақауларын жоюға бағытталған логопедиялық емдеу және операциядан кейінгі тыртықты жою бойынша косметикалық емдеу жүргізілуі де мүмкін. Профессордың айтуынша, осындай туа біткен аурулары бар ерлердің балаларында аурудың қайталануы 4% - ды құрайды.
Тек өткен жылы Түркістан облысында 78 балаға осындай ота жасалды. Осы жылы олардың саны - 108-ге жеткен. Мемлекеттік медициналық мекемелерде операция тегін жүргізіледі. Операция сәтті өткізгеннен кейін "Сун-Чхун-Хьян" Университеті жанындағы Пучхон госпиталі меңгерушісінің орынбасары (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital), профессор Мин Генг Дэ Түркістан облысынан келген кішкентай науқастың жағдайын сұрап келіп, сыйлық табыс етті.
Айта кету керек, 2001 жылы құрылған уақыттан бастап, Sun-Chun-Hyan университетінің Бучон ауруханасы (Шон Ханг университетінің Бучон ауруханасы) заманауи жабдықты сатып алу және ХХІ ғасырдың жетекші медициналық орталығы болуға деген ұмтылыстың арқасында назарында болды. Қазіргі уақытта аурухана 1000 төсек сыйымдылығына ие және облыста 1600-ден астам қызметкер, оның ішінде 300 дәрігер, 600 медбике және басқа да қызметкерлермен жұмыс істейтін жалғыз жоғары мамандандырылған медициналық мекеме. Ауруханада 31 арнайы бөлім бар, сондай-ақ 16 мамандандырылған орталық және 108 мамандандырылған емхана бар, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Госпитальда 31 мамандандырылған бөлімше, сондай-ақ 16 мамандандырылған орталық және бір-бірімен тығыз ынтымақтасатын 108 мамандандырылған клиникалар бар. Осылайша, бізге ең күрделі хирургиялық операцияларды орындау және ауыр ауруларды емдеу күшінде және біз өте білікті госпитальдің имиджін мұқият қолдаймыз.
Бұдан басқа, клиникада жаңа медициналық жабдықтар мен жүйелер орнатылған: "WAMIS" желісі, бейнелерді сақтау және алмасу жүйесі, tlas және EMR. Госпиталдің негізімен зертханалық медицинаның ғылыми-зерттеу орталығы (Clinical Medicine Research Center) жұмыс істейді.
Дереккөз: Түркістан облысы Денсаулық басқармасының баспасөз қызметі – Оңтүстік Кореядан