Сурет: img.freepik.com
Астрологиялық болжамдарда «айлакерлік» тек теріс қасиет емес. Бұл – жағдайға бейімделу, адамдарды түсіну, дұрыс сәтті күту және эмоцияны басқару қабілеті. Дегенмен, шамадан тыс ойлау мен айла кейде ішкі күйзеліс тудыруы мүмкін. Сондықтан бүгінгі жұлдызжорамал тек рейтинг емес, сонымен қатар психологиялық тепе-теңдікті сақтауға арналған кеңестерді де қамтиды.
1-ОРЫН: Егіздер
Егіздер – ең жылдам ойлайтын және жағдайға тез бейімделетін белгілердің бірі. Олар адамдармен тіл табысуда шебер, сөзді орнымен қолдана алады, сондықтан кейде «айлакер» болып көрінуі мүмкін. Негізі олардың мақсаты алдау емес, жағдайдан тиімді шығу. Дегенмен, бір сәтте бірнеше нұсқаны қатар ойлауы оларды болжауы қиын етеді.
2-ОРЫН: Сарышаян
Сарышаяндар терең ойлайтын, адамдардың әлсіз тұсын жақсы сезетін белгі. Олар стратегиялық ойлауға бейім, сондықтан әрекеті алдын ала жоспарланғандай көрінеді. Егер біреуге сенсе, толық ашылады, ал сенім бұзылса, өте сақ әрі есеппен әрекет етеді. Сол себепті оларды ең «жасырын айлакер» белгілердің бірі деп атайды.
3-ОРЫН: Суқұйғыш
Суқұйғыштар стандарттан тыс ойлайды және көбіне басқалар күтпеген шешім қабылдайды. Олар ережелерді тікелей бұзудан гөрі, айналып өтудің жолын табады. Қулығы көбіне манипуляция емес, ерекше логикасында жатады. Сондықтан оларды түсіну әрдайым оңай емес.
4-ОРЫН: Балықтар
Балықтар өте сезімтал әрі интуициясы күшті болғандықтан, адамдардың ішкі ойын, ниетін жақсы сезіп қояды. Олар тікелей қулық қолданбайды, бірақ жағдайға бейімделіп кетуі мүмкін. Кейде эмоция арқылы әсер етуі мүмкін, сондықтан сырттай жұмсақ көрінсе де, ықпалды бола алады. Олардың айласы – мейірім мен сезімде.
5-ОРЫН: Таразы
Таразылар адамдармен қарым-қатынаста дипломат. Олар ешкімді ренжітпей, өз дегеніне жетудің жолын таба алады. Көбіне екі жақты да қанағаттандыратын шешім іздейді, сондықтан айла-амалдары жұмсақ формада көрінеді. Олардың күші – теңгерімді сақтай білуінде.
6-ОРЫН: Торпақ
Торпақтар сырттай сылбыр, бос көрінгенімен, есеппен әрекет етеді. Олар тәуекелге асықпайды, әр қадамын алдын ала ойлайды. Айласы айқын емес, бірақ тұрақты және сенімді стратегияға негізделген. Сондықтан оларды жеңіл-желпі бағалауға болмайды.
7-ОРЫН: Шаян
Шаяндар эмоцияны терең сезінеді және адамдармен байланыста өте интуитивті. Олар тікелей қулық қолданғаннан гөрі, сезім арқылы әсер етуі мүмкін. Бірақ бұл көбіне қорғаныс механизмі ретінде көрінеді. Егер өзін қауіпсіз сезінсе, ашық әрі шынайы болады.
8-ОРЫН: Арыстан
Арыстандар ашық, өзіне сенімді, көбіне бәрін тікелей көрсетеді. Олар айладан гөрі бедел мен харизмаға сүйенеді. Кейде мақсатына жету үшін әсер ету қабілетін қолдануы мүмкін, бірақ ол ашық түрде болады. Олардың қуаты қулығында емес, әсерлі тұлғасында.
9-ОРЫН: Бикеш
Бикештер өте талдаушы және ұсақ детальдарға мән беретін белгі. Олар әр жағдайды логикамен есептеп, ең тиімді шешімді табады. Айласы жасырын емес, көбіне жоспарлау мен дәлдікте көрінеді. Сондықтан оларды айлаы деуден көрі, «стратег» деп атаған дұрысырақ.
10-ОРЫН: Тауешкі
Тауешкілер өте мақсатшыл және ұзақ мерзімді жоспар құратын адамдар. Олар эмоциямен емес, нәтижемен әрекет етеді. Айла қолданудан гөрі еңбек пен тұрақтылыққа сүйенеді. Бірақ қажет болса, өте салқынқанды стратегия жасай алады.
11-ОРЫН: Мерген
Мергендер ашық, тура сөйлейтін және еркіндікті жақсы көретін адамдар. Олар айлаға көп жүгінбейді, себебі тік мінезді. Кейде шындықты тым ашық айтуы мүмкін, бұл оларды айла-амалсыз, қулық-сұмдықсыз етеді. Олардың басты ерекшелігі – адалдық пен тура көзқарас.
12-ОРЫН: Тоқты
Тоқтылар импульсивті, тез шешім қабылдайтын белгі. Олар алдын ала жоспарлап айла құрудан гөрі, бірден әрекет етеді. Ашық әрі асығыс мінезі олардың стратегиядан алыс екенін көрсетеді. Сондықтан олар көбіне ең турашыл белгілердің бірі болып саналады.
Айлакерлік – тек алдау-арбау емес, ол көбіне ойлау жылдамдығы, стратегия және бейімделу қабілеті. Әр белгі бұл қасиетті әртүрлі деңгейде көрсетеді: біреуі логикамен, біреуі эмоциямен, біреуі интуициямен.
Аударған: А. Керімбек,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Өзіңді табу неге қиын? Себебін нумерология арқылы болжауға болады


