Жәрмеңкеде табиғи таза өнімдер сатылып жатыр.
Түркістан облысында бүгінгі өтіп жатқан 90 жылдық мерейтойда Мақтаарал аудандық кәсіпкерлік және ауандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Мерекеге орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге 20-ға жуық кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары қатысып, өз өнімдерін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жәрмеңкенің өзгесінен ерекшелігі – халық назарына ұсынылған әрбір өнім таза табиғи, ешқандай қоспасыз екендігінде болып отыр. Халықтың күнделікті тұтынатын өнімдерінің базарлардағы сатылым бағасынан 25 – 30 пайызға төмен, өндіруші бағасымен сатылып жатқанын да айта кеткен жөн.
Сонымен бірге, жәрмеңкеге ауданның ауыл округтерінің ғана емес, Түркістан облысындағы ет-сүт өнімдерімен танымал көршілес Ордабасы ауданының ет, балық, сүт және көкөніс өнімдері де қойылды.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындары өздеріне қажетті азық-түлік тауарларының осындай арзан бағаларда сатылуына дән риза екендігін байқауға болады.