"МАНТЫҒА ОРАЛҒАН": Түрмеге телефон кіргізбек болған әйел ұсталды

0
1 224

Оқиға Түркістан облысындағы ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде болған.


фото: ашық дереккөзден
Түрмеде отырған күйеуіне тыйым салынған затты мантыға орап өткізбекші болған әйел әшкере болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқиға кеше 13 қараша күні Түркістан облысындағы ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде болған. Түзеу мекемесінің қызметкерлері бақылап өткізу бекетінде телефонды алып өту әрекетінің жолын кесті Күйеуіне ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелден мекеме қызметкерлері ыстық тағамның ішіне жасырылған ұялы телефон мен 4 гб флешкартаны, атап айтқанда манты тағамының ішінен тауып тәркіледі. Айласын асыра алмаған әйел кінәсін мойындаған. Белгісіз адамдар оны түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға ыстық тағам беруді сұрағанын айтқан.

"Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік пен он айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Бұл дерек ҚАЖ мекемесінің есепке алу және ақпараттар кітабына тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданылды,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.