Мас халде көлік жүргізіп түркістандық азамат сотталды

0
754

Сондай-ақ, сот шешімімен сотталушы 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.


Мас халде көлік жүргізіп түркістандық азамат сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Алкоголь ішіп көлік жүргізген арыстық жігіт заң алдында жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Арыс аудандық сотында мас халде көлік жүргізген азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотталушы Б.Б. осы жылдың 28 маусымында кешкі сағат 22.00 шамасында Арыс қаласы Майлықожа көшесінің бойында үлгісі ВАЗ - 21043 автокөлігін мас күйінде жүргізгені анықталған. Сотта өз ісіне өкінетіндігін айтқан Б.Б. кінәсін толық мойындаған. Сот көлік жүргізушісін кінәлі деп танып, 15 күнге қамауға алынған.

Сондай-ақ, сот шешімімен сотталушы 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

"Қатаң жаза ендігі жолы жүргізушіні жаза бастырмасы анық. Судья Г.Ерназарованың төрағалық етуімен өткен сотта құқық бұзушының әрекеті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен сараланып, он бес тәулікке қамаққа алу және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп мәлімдеді Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.